Пятница, 16 Октября 2026

Іске адалдық үшін марапат: Нұржан Құдайбергенов «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Іске адалдық үшін марапат: Нұржан Құдайбергенов «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 25 қазан — Республика күніне орай мемлекеттік қызметшілерді марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Осы шара аясында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметке адал еңбегін сіңірген Нұржан Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі мемлекеттік қызметте кемінде 25 жыл мінсіз еңбек еткен немесе зейнет жасына жеткен мемлекеттік қызметшілерге табысталады.
Нұржан Құдайбергеновтің кәсібилігі, жоғары жауапкершілігі және адал еңбегі Алматы облысының дамуына, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.
Қызмет жылдарында ол әріптестері мен қоғамның құрметіне ие болды. Бұған дейін ол келесі марапаттармен атап өтілген:
• «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдерімен,
• сондай-ақ мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі — Нұржан Құдайбергеновтің көпжылдық адал еңбегі мен мемлекет ісіне қосқан зор үлесінің мойындалуы болып табылады.

Другие новости

Команда OGMA Racing успешно выступила на соревновании Aramco STEM Racing™ World Finals 2026

Команда OGMA Racing успешно выступила на соревновании Aramco STEM Racing™ World Finals 2026

Команда OGMA Racing, объединившая учащихся Назарба...

  15.10.2026   129
OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 жарысында нәтиже көрсетті

OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 жарысында нәтиже көрсетті

 Алматы қаласының Медеу және Наурызбай ауданд...

  15.10.2026   134
Сила материнства и мастерство рук: история успеха Мадины Кокымбаевой

Сила материнства и мастерство рук: история успеха Мадины Кокымбаевой

Жительница микрорайона Даулет города Алатау Мадина...

  15.10.2026   155
«Jol Tap» жобасы аясында Бірлік ауылында танымдық экскурсия ұйымдастырылды

«Jol Tap» жобасы аясында Бірлік ауылында танымдық экскурсия ұйымдастырылды

2026 жылғы 14 қазанда Алматы облысы, Балқаш ауданы...

  15.10.2026   157
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.