Суббота, 16 Мая 2026

Іле ауданында «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті

Іле ауданында «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті

Іле аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы партияның 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының аудан бойынша орындалу барысын талқылау үшін Іле аудандық филиалының мәжіліс залында жиналды.

Жиынға Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Лаззат Тұрлашов, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов, партияның аудандық филиал төрағасы Алмасбек Сатибаев, фракция мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша баяндама жасап, әлеуметтік инфрақұрылым бағытындағы жұмыстарды таныстырды.

Әкімнің айтуынша, білім беру саласында «Келешек мектеп» жобасы аясында М.Түймебаев ауылында 900 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ Н.Тілендиев ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысы аяқталып келеді, нысанның ашылуы айдың соңына жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласында Көктерек ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды. Ал Береке мен Көкқайнар ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы желтоқсан айында аяқталатыны айтылды.

«Жол картасы» аясында Өтеген батыр ауылында 400 орындық мәдениет үйі ашылды. Бұдан бөлек, Боралдай кентіндегі мәдениет үйінің құрылысы жалғасып жатыр. Аудан басшысы 2025 жылы қаржы бөлінбеуіне байланысты жүзеге аспай қалған жобаларға да тоқталды.

Отырыс барысында фракция жетекшісі Лаззат Тұрлашов аудандағы өзекті мәселелерді облыстық және орталық деңгейдегі органдарға жеткізу үшін депутаттық сауалдар тетігін белсенді пайдалануды ұсынды.

Другие новости

На долгие лета

На долгие лета

В Балхашском районе подвели итоги первого года раб...

  15.05.2026   93
На одной волне с молодежью

На одной волне с молодежью

В Талгарском агроколледже имени М. Бейсебаева на д...

  15.05.2026   97
Село у городской черты

Село у городской черты

Ащибулакский сельский округ сегодня живет в особом...

  15.05.2026   108
«Bir Tolqynda»: площадка открытого диалога для студентов Алматинской области

«Bir Tolqynda»: площадка открытого диалога для студентов Алматинской области

Студенческая молодежь Алматинской области приняла...

  15.05.2026   102
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.