Четверг, 01 Октября 2026

Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезден болатын өлім-жітім саны  42,9 пайызға азайды. Сәйкесінше, ел арасында ауруға шалдығу деңгейі 27,8 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыстық Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Эльмира Базарбаева мәлімдеді, -деп хабарлайды Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Дәрігерлер туберкулездің алдын алуда вакцинация мен тексерудің рөлі ерекше екенін айтады. Жаңа туған нәрестелерге перзентханада алғашқы 2-4 тәулікте БЦЖ вакцинасы егілсе, ересектерге жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өту міндеттеледі.

Жас талғамайтын бұл індет өкінішке қарай, балалар арасында да кездеседі. Фтизиопедиатр дәрігер Жанар Бүйенбаеваның сөзіне сүйенсек, балалар арасында инфекцияны анықтау үшін Манту және ТРА (туберкулезді рекомбинантты аллерген) сынамалары кеңінен қолданылады.

«Манту мен ТРА - бұл егілетін вакцина емес, тек ағзадағы туберкулез белсенділігін 95-100 пайыз дәлдікпен анықтайтын иммунологиялық тест. Әсіресе қауіп тобына жататын және ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болған балаларды уақытылы тексеріп отыру өте маңызды», — дейді Жанар Бүйенбаева.

Бүгінде ,өкпені зақымдайтын жұқпалы ауруды дүниежүзінде «ДжейнЭксперт» әдісі арқылы анықтайды. Дер кезінде анықталған дерт науқастың құлан-таза айығуына мүмкіндік береді.

Другие новости

Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезден болатын өлім-жітім...

  01.10.2026   63
Главные правила лечения при ОРВИ

Главные правила лечения при ОРВИ

Каждый год с наступлением холодов перед родителями...

  26.09.2026   204
«Я горжусь тем, что помогаю людям»

«Я горжусь тем, что помогаю людям»

Почти сорок лет назад Бибигуль Шонбаева приехала в...

  26.09.2026   222
С дипломом - в сельскую амбулаторию

С дипломом - в сельскую амбулаторию

Районным больницам и врачебным амбулаториям нужны...

  26.09.2026   234
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.