Четверг, 29 Января 2026

Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді.
Жаңа жыл қарсаңында қалада түрлі пиротехникалық өнімдердің саудасы қыза түседі. Дегенмен жыл сайын дәрігерлер мен құтқарушылар қол және көз жарақаттары, күйіктер, сондай-ақ фейерверктерді дұрыс қолданбау салдарынан шыққан өрт оқиғаларын тіркеп отырады. Мереке қайғылы жағдайға ұласпауы үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.

Ең алдымен пиротехниканы тек арнайы дүкендерден  сатып алу қажет. Рұқсатсыз сатылым, куәлігі жоқ өнімдер және дұрыс сақталмаған фейерверктер жарылу қауіпін бірнеше есеге арттырады.

Пайдаланар алдында нұсқаулықты мұқият оқу керек. Көптеген жазатайым оқиғалар фейерверкті дұрыс орнатпау немесе тым жақыннан жағу нәтижесінде орын алады. Өнімді тегіс жерге қойып, фейрверк батареяларын қолда ұстамау қажет. Фейрверк тұтақышын жаққаннан кейін фейерверктің үстіне еңкеюге болмайды.

Пиротехниканы балаларға беруге қатаң тыйым салынады, фейерверк үшін тұрғын үйлерден, ағаштардан және автокөліктерден алыс ашық алаң таңдау қажет.

Сөнбей қалған пиротехниканы қайта жағуға болмайды. Оған 10–15 минут жақындамай күтіп, содан кейін ғана жоюға болады.

Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау  әр адамға жаңа жылды жарқын әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Қонаев қаласы ТЖБ бас маманы Азаматтық қорғау аға лейтенанты  Әбділқақа Алмас Асылханұлы.

Другие новости

Состоялась встреча на тему «АзартНЕТ».

Состоялась встреча на тему «АзартНЕТ».

Сегодня в Талгарском районе, в местном Высшем меди...

  29.01.2026   86
«АзартНЕТ» тақырыбында кездесу өтті

«АзартНЕТ» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін  аудандық жастар ресурстық орталығының...

  29.01.2026   70
ИМИТАЦИОННАЯ ПОЛИТИКА УЗБЕКИСТАНА

ИМИТАЦИОННАЯ ПОЛИТИКА УЗБЕКИСТАНА

Факт, который бессмысленно отрицать. Казахстан сег...

  29.01.2026   84
Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

Кейінгі кезде Өзбекстан өзін жаңа экономикалық мод...

  29.01.2026   72
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.