Понедельник, 09 Февраля 2026

Алматы облысында «STOP CORRUPTION» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысында «STOP CORRUPTION» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысы жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «STOP CORRUPTION» облыстық бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара Қаскелең қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды.
Алматы облысы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, әлеуметтік жарнама саласындағы шығармашылық бастамаларды қолдау, құқықтық мәдениетті дамыту және қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайту.
Байқау 2025 жылы облыс жастары арасында алғаш рет ұйымдастырылып, оған Қазақстан Республикасының 14–35 жас аралығындағы жастары қатысты. Қатысушылар байқауға жеке автор немесе шығармашылық ұжым ретінде қатысып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін ашып көрсететін бейнероликтер ұсынды. Байқауға жұмыстарды қабылдау 7–31 қазан аралығында жүргізіліп, бейнематериалдар қазақ және орыс тілдерінде WhatsApp мессенджері арқылы қабылданды.
Ұсынылған жұмыстар қазылар алқасы тарапынан тақырыпқа сәйкестік, шығармашылық идея, техникалық сапа, мазмұнның тереңдігі, тілдік сауаттылық және әлеуметтік жарнама ретінде қолдану мүмкіндігі сияқты критерийлер бойынша бағаланды. Нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 700 000 теңгені құрады.
Байқау қорытындысы бойынша:
•    I орын – Нұрқасым Дамир Айдынұлы,
•    II орын – Батур Батратович,
•    III орын – Русланқызы Альбина иеленді.
Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша:
•    «Үздік сюжет» – Серік Аяулы Төлеубекқызы,
•    «Creative Video» – Нұрболұлы Алинұр марапатталды.
Номинация иегерлеріне 50 000 теңгеден ақшалай сыйақы табысталды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Марапаттау рәсіміне Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директоры Кенешев Мақсат Құлтайұлы мен Қарасай ауданы мәслихатының депутаты Сүнбеков Бекжан Батырбекұлы қатысып, жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттайтын үздік бейнероликтер көрсетіліп, олардың қоғам үшін маңыздылығы айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етпек.

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Другие новости

Алға, Қазақстан!

Алға, Қазақстан!

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалар...

  07.02.2026   136
Команды подразделений специального назначения Казахстана грандиозно завершили первый турнирный день UAE SWAT Challenge

Команды подразделений специального назначения Казахстана грандиозно завершили первый турнирный день UAE SWAT Challenge

Команды подразделений специального назначения Каза...

  07.02.2026   160
Душа мастерицы – в каждом орнаменте

Душа мастерицы – в каждом орнаменте

Казахский национальный костюм невероятно красив, н...

  06.02.2026   212
Философия камня

Философия камня

Есть магазины, куда приходят просто за покупкой, а...

  06.02.2026   193
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.