Суббота, 31 Октября 2026

«АзартНЕТ» тақырыбында кездесу өтті

«АзартНЕТ» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін  аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Талғар ауданында, жергілікті жоғарғы медициналық колледжде,  Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «АзартНЕТ» тақырыбында прафилактикалық кездесу өтті.

Шараға колледж студенттері белсенді қатысып, құмар ойындардың зияны туралы маңызды ақпарат алды.

Кездесу барысында Талғар ауданының прокуроры Байбесов Берік, Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Шарахунов Шадияр Шагзамұлы, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының психолог маманы Қасымбаева Индира Мыркасымқызы құмар ойындарға тәуелділіктің құқықтық және психологиялық салдары жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Спикерлер тәуелділіктің негізгі белгілері, оның пайда болу себептері мен салдарына тоқталып, жастардың саналы таңдау жасап, жауапкершілікпен өмір сүруінің маңыздылығын атап өтті.

«Құмар ойын – уақыт пен өмірдің ұрлаушысы. Әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс», – деп атап өтті психолог Индира Қасымбаева.

Іс-шара аясында:
– ашық диалог және сұрақ-жауап сессиясы өтті;
– тақырыпқа сай әлеуметтік бейнероликтер мен ақпараттық материалдар ұсынылды;
– студенттер өз пікірлерін білдіріп, белсенді талқылауға қатысты.

Аталған кездесу жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық шара болды.

Другие новости

Щедрый дар родной земли

Щедрый дар родной земли

Свежие продукты с местных полей и ферм, доступные...

  30.10.2026   104
Его наследие - вне времени

Его наследие - вне времени

В этом году Казахстан и мировое сообщество отмечаю...

  30.10.2026   125
Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру бағытын...

  30.10.2026   135
4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

Алматы облысында жұмыс берушілер тарапынан 4 300-д...

  30.10.2026   121
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.