Вторник, 15 Сентября 2026

«Qonaev Media»: Алматыда заманауи студиясы бар жаңа өңірлік телеарна іске қосылды

«Qonaev Media»: Алматыда заманауи студиясы бар жаңа өңірлік телеарна іске қосылды

Алматыда «Qonaev Media» телеарнасының жаңа кеңсесі мен заманауи студиясының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев арнайы қатысып, телеарнаның жұмыс барысымен танысты.

Жаңа телеарна 2025 жылдың қыркүйек айында  көрерменге жол тартып, қазіргі уақытта Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларын қамти отырып, республикалық деңгейде хабар таратып отыр.

Салтанатты шара барысында телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, жаңа студиялары мен жұмыстың атқарылу барысы таныстырылды. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа телеарнаның ашылуы облыс үшін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

“Бүгін біз өңіріміз үшін маңызды, тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Өңірлік жаңа телеарнаның ашылуы – бұл тек бір медиа алаңның іске қосылуы емес, бұл – қоғамдық сананы қалыптастыруға, ашық диалог орнатуға және өңірдің дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Жаңа арнаның басты ұстанымы – шынайылық, жауапкершілік және халық мүддесіне адал қызмет болуы керек. Ақпараттық саясатта тепе-теңдік пен кәсібилікті сақтай отырып, көрерменге пайдалы әрі сапалы контент ұсынады деп сенемін.”– деді, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ цифрландыру дәуірінде «Qonaev Media» телеарнасы «Digital Sana» жобасы аясында жасанды интеллект технологияларын енгізіп, отандық медиа кеңістігіндегі озық әрі жаңашыл арналардың қатарына қосылуды мақсат етіп отыр.

Өз кезегінде «Qonaev media» телеарнасының бас директоры Қымбат Хангельдина шынайы алғысын білдіре отырып, телеарна тарапынан өңірдің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған сапалы контенттер алдағы уақытта да жалғасатынын айтты:

«Облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіремін. Ұжым мүшелері өңірдің дамуына өз үлестерін қосып ғана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарынан облысымыздың оң имиджін қалыптастыруды мақсат етуде. Одан бөлек, телеарна ұжымы сапалы әрі заманауи телевизиялық өнім әзірлеуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысты жалғастыруға ниетті.»-деді, телеарна директоры.

Айта кетейік, телеарна эфирлік, кабельдік, Smart TV және онлайн платформалар арқылы хабар таратып, өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді контент ұсынуға толық мүмкіндікке ие.

Другие новости

Золотая победа Данила Устинова: аким Конаева вручил спортсмену 1 млн тенге

Золотая победа Данила Устинова: аким Конаева вручил спортсмену 1 млн тенге

Житель города Конаев Данил Устинов завоевал золоту...

  15.09.2026   116
Радиоактивен даже банан: сколько излучения мы получаем каждый день?

Радиоактивен даже банан: сколько излучения мы получаем каждый день?

Фото создано при помощи ИИ: © magnific.com / Digit...

  15.09.2026   122
В Алматинской области ускорились темпы жилищного строительства

В Алматинской области ускорились темпы жилищного строительства

В Алматинской области в текущем году на обеспечени...

  15.09.2026   82
Район меняет облик

Район меняет облик

Илийский район Алматинской области переживает масш...

  14.09.2026   194
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.