Пятница, 30 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

Іле ауданында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді жобаға тарту жұмыстары басталды.

Марафон Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында 2 қыркүйектен бастап өткізіліп келеді.

Жобаның мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, азаматтардың зияткерлік әлеуетін арттыру және тұрақты кітап оқу дағдысын қалыптастыру.

Марафон аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты қарастырылған. Ол мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кәсіби білімін жетілдіруге, ой-өрісін кеңейтуге және тұлғалық дамуына бағытталған.

— Мемлекеттік қызметші үшін үздіксіз білім алу – кәсіби дамудың маңызды бөлігі. Кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, ақпаратты саралау, дұрыс шешім қабылдау және кәсіби құзыреттілікті арттыруға ықпал етеді. Сондықтан бұл марафонды мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды бастама деп санаймыз, – деді Іле ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Асем Нурахметова.

Қазір марафонның алғашқы – «Ақпараттық науқан және тіркеу» кезеңі өтуде. 1–15 қыркүйек аралығында қатысушылар ресми платформада тіркеліп, жобаға қосыла алады.

Іле ауданындағы мемлекеттік мекемелерде марафонның шарттары мен қатысу тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық материалдар таратылуда. Сонымен қатар мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді марафонға белсенді қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.

«Кітап оқитын ұлт» марафоны – кітапты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырып, білім мен ізденіске негізделген қоғам қалыптастыруға бағытталған бастама.

Другие новости

Сцена для сельских талантов

Сцена для сельских талантов

В селе Каргалы Жамбылского района произошло событи...

  30.10.2026   100
Книги, которые знакомят с наследием края

Книги, которые знакомят с наследием края

За каждым населенным пунктом в родном крае стоят с...

  30.10.2026   129
Как заинтересовать подростка литературой

Как заинтересовать подростка литературой

Современные подростки ежедневно получают огромный...

  30.10.2026   144
Семейные вечера с книгой

Семейные вечера с книгой

Ребенок может забыть название первой прочитанной к...

  30.10.2026   151
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.