«ҚОНАЕВ» ӘКК АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА НҰСҚАМА ШЫҒАРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне мониторинг жүргізуді аяқтады.
Мониторинг барысында Қоғамның монополияға қарсы органның келісімінсіз «Ауыл аманаты» бағдарламасы (қаржылық лизинг) шеңберінде ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне қарыз беру арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардың қызмет түрлерін кеңейтуге немесе өзгертуге тек монополияға қарсы органның келісімімен ғана жол беріледі.
Мониторинг нәтижелері бойынша Департамент тарапынан Кодекстің 192-бабына сәйкес Қоғамның атына нұсқама шығарылды.
Департаменттің нұсқамасы орындалды.





