Четверг, 19 Марта 2026

Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Алматы облысы Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесі құрылысын жобалау, салу және пайдалану бойынша инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жекеменшік әріптес 2023 жылы ақпанда өткізілген конкурс қорытындысы бойынша анықталды. «Daur Capital» ЖШС жеңімпаз атанды. Жобаны іске асырудың постинвестициялық кезеңі 2026 жылдың 1 қаңтарынан 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылы 15 шілдеде «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алды.

Жобаға сәйкес тазарту қуаттылығы тәулігіне 25 мың текше метр суды құрайды, оны 31 мың текше метрге дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Сағатына орташа есеппен 1 037 м³ суды тазарта алады. Ең жоғары көрсеткіш – сағатына 1 611 м³-қа дейін.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын, екі желіден тұратын қысымды кәріз құбыры, үш кәріз сорғы станциясы және қажетті инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Оның ішінде ұзындығы 41 шақырым электр желілері, үш трансформаторлық қосалқы станция, ұзындығы 22,3 шақырым газ құбыры, 22,4 шақырым сыртқы байланыс желілері және жалпы ұзындығы 2,8 шақырым автомобиль жолы бар. Сонымен қатар көлемі 7,5 млн м³ болатын тазартылған суға арналған жинақтаушы тоған салынады.

Нысан 20 айда салынып бітеді деп жоспарланған. 2027 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмысына рұқсат 2026 жылы 26 қаңтарда алынды. Қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары жүргізілуде: геодезиялық ізденістер жасалып, уақытша тұратын орындар салынуда.
Құрылыс алаңында 17 техника және шамамен 50 маман жұмыс істеуде. Жинақтаушы тоғандарда 40 мың текше метр топырақты қазу және шығару жұмыстары орындалды. Сонымен қатар нысанға сыртқы электр желілеріне арналған тіректер, жинақталған қалыптау жүйелері жеткізілді. Газ жүйесін салу үшін ұзындығы 22 шақырымнан астам құбыр әкелінді.

Аталған жобаны іске асыру су тазарту деңгейін едәуір арттыруға, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және қарқынды дамып келе жатқан Қонаев қаласының талаптарына сай заманауи инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Другие новости

В городе Конаев ведётся строительство системы очистки сточных вод

В городе Конаев ведётся строительство системы очистки сточных вод

В Алматинской области продолжается реализация инфр...

  19.03.2026   106
Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Алматы облысы Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйес...

  19.03.2026   83
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қ...

  19.03.2026   54
В Казахстане впервые будет проведена административная амнистия

В Казахстане впервые будет проведена административная амнистия

Главой государства Касым-Жомартом Токаевым 17 март...

  19.03.2026   61
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.