Суббота, 31 Октября 2026

Алматы облысында тұтынушылардың шағымының 91 пайызы оң шешімін тапты

Алматы облысында тұтынушылардың шағымының  91 пайызы оң шешімін тапты

2025 жылы сауда заңнамасын бұзған 62 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 579 мың теңгеден астам айыппұл салынса,  биыл  160 сауда нысанына қатысты 585 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы көлемі 3 млн теңгеге жуық айыппұл жазылған. Бұл жайында Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас маманы Қуантқан Дидаров  баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бас маманның айтуынша, сауда орындарында  тұтынушыларға қажетті ақпарат ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Атап айтқанда, базар аумағында сауда орындарының сызбасы, эвакуация жоспары, жалға беру тәртібі мен бос орындар туралы мәліметтер орналастырылуы қажет. Сонымен қатар, сауда орындары заманауи талаптарға сай жабдықталуы керек.
Қазіргі таңда Алматы облысында ресми түрде 60 сауда жасайтын базар  тіркелген. Оның ішінде 9 базар қайта жаңартылып жатыр.  Атап айтқанда, Қонаев, Қаскелең, Талғар, Есік және Шонжы елді мекендеріндегі бірқатар базарлары жөнделуде.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. 2025 жылы департаментке азаматтардан 547 өтініш түссе, 2026 жылдың басынан бері 1700 өтініш қаралған. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда, электрондық сауда, білім беру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларына қатысты болған.
«Тұтынушыларға келтірілген шығындарды өтеу бойынша да нақты нәтижелер бар. Биылдың өзінде азаматтарға 44 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылған. Бұл түскен өтініштердің 91 пайыздан астамы оң шешімін тапқанын көрсетеді»,-деді Қуантқан Дидаров. 
Бұдан бөлек, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 52 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзған 49 нысанға 1,4 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Мамандар алдағы уақытта да сауда орындарындағы заң талаптарының сақталуын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Другие новости

Щедрый дар родной земли

Щедрый дар родной земли

Свежие продукты с местных полей и ферм, доступные...

  30.10.2026   94
Его наследие - вне времени

Его наследие - вне времени

В этом году Казахстан и мировое сообщество отмечаю...

  30.10.2026   113
Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру бағытын...

  30.10.2026   126
4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

Алматы облысында жұмыс берушілер тарапынан 4 300-д...

  30.10.2026   121
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.