Пятница, 30 Октября 2026

Бәкір Тәжібаевтың «Есіңе ал» өлеңдер жинағының тұсау кесері

Бәкір Тәжібаевтың «Есіңе ал» өлеңдер жинағының тұсау кесері

Көрнекті ақын, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сөнбес сөздің иесі» атты еске алу кеші өтті. Тағылымды шара қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналды.
Кеш «Ауыл» партиясы мүшесі, орталық аппарат кеңесшісі Әлішер Нұрабдолданов арнауымен басталды.
Еске алу кешінде белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері  ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, ақын, Халыаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков және тағы басқа ақын, жазушылар Бәкір Тәжібаевтың әдебиет пен драматургия саласындағы еңбектеріне оң баға беріліп, оның қазақ мәдениетіндегі орны ерекше екені айтылды.
Сонымен қатар, кеште «Ауыл» партиясы Алматы қаласы бойынша төрағасы Ахметбек Қоңырбаев сөз сөйлеп, Бәкір Тәжібаевтың ауылдан шыққан, ауылдың мұңы мен қуанышын, қазақтың рухын жырға қосқан нағыз халық ақыны екенін айта келе, «Ауыл» партиясының ақынның мұрасын сақтап, жас буынға жеткізу ортақ парызымыз деп атап өтті.
Кеш соңында Бәкір Тәжібаевтың «Есіңе ал» өлеңдер жинағының тұсау кесері болды және ақынның таңдаулы өлеңдерін әншілер орындады.

«Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі

Другие новости

Щедрый дар родной земли

Щедрый дар родной земли

Свежие продукты с местных полей и ферм, доступные...

  30.10.2026   75
Его наследие - вне времени

Его наследие - вне времени

В этом году Казахстан и мировое сообщество отмечаю...

  30.10.2026   97
Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру бағытын...

  30.10.2026   118
4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

Алматы облысында жұмыс берушілер тарапынан 4 300-д...

  30.10.2026   118
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.