Суббота, 26 Сентября 2026

ЕКІ ШАҚЫРЫМҒА СОЗЫЛҒАН ҚҰРАҚ — ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ӘЛЕМДІК РЕКОРДЫ

ЕКІ ШАҚЫРЫМҒА СОЗЫЛҒАН ҚҰРАҚ — ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ӘЛЕМДІК РЕКОРДЫ

Өскемен қаласында Қазақстанның 17 облысынан келген 789 құрақшы шебердің басын қосқан республикалық «Аламан құрақ» байқауы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды шарада ұзындығы 2 шақырым аумаққа 789 құрақ көрпе төселіп, нәтижесінде «Record of West» рекорды жаңартылды.

Байқауға қатысқан шеберлердің еңбегі жоғары бағаланып, алтын медальдармен марапатталды.

Аталған байқауға Алматы қаласы мен Алматы облысынан 103 шебер қатысса, олардың қатарында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінен барған.

Байсеркелік шеберлер байқау қорытындысы бойынша алтын медаль иегерлері атанып, ұлттық қолөнерді дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды.

Сонымен қатар, шара барысында жылқы жастықтарымен тағы бір рекорд орнатылып, байқауға алғаш рет қатысқан шеберлер күміс және алтын медальдармен марапатталды.

Байқау ұйымдастырушылары және Қазақстан Құрақшылар одағы жанындағы «Аламан құрақ» жобасының төрайымы Нургуль Абайхан Байсерке ауылдық округінің әкімі Мурат Бакытжанович Тогузбаевқа, сондай-ақ демеушілік қолдау көрсеткен «Euro Beton STD» компаниясының бас директоры Руслан Ибрагимовке ерекше алғыс білдірді.

Ұлттық мұраны ұлықтап, қазақы өнерді жаңа деңгейге көтерген байсеркелік шеберлердің жетістігі — Іле ауданы үшін үлкен мақтаныш.

Другие новости

Вкус Алматинской области

Вкус Алматинской области

В Астане состоялась сельскохозяйственная ярмарка с...

  26.09.2026   138
От сырья до готовой мебели

От сырья до готовой мебели

В Талгарском районе работают сразу несколько произ...

  26.09.2026   124
ИИ используют там, где он действительно нужен

ИИ используют там, где он действительно нужен

Цифровизация государственных услуг продолжается, и...

  26.09.2026   104
Цифровая грамотность становится рабочим навыком

Цифровая грамотность становится рабочим навыком

Современные технологии постепенно используются не...

  26.09.2026   95
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.