Пятница, 30 Октября 2026

Шекара шебіндегі чемпион — Рамос

Шекара шебіндегі чемпион — Рамос

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасында 2019 жылы дүниеге келген бельгиялық овчарка — маленуа тұқымды Рамос есімді қызметтік ит өзгелерден ерте ерекшеленді. Күшік кезінен-ақ зеректігімен, қырағылығымен және бұйрықты тез қабылдайтын қабілетімен кинолог мамандардың назарын өзіне аударған Рамос болашақта нағыз чемпион болатынын дәлелдей түсті.
Қызметтік дайындық барысында Рамос өзге күшіктерге қарағанда ерекше алғырлық танытып, із кесу, жарылғыш заттарды анықтау және есірткі іздестіру бағыттары бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. Оның табандылығы мен шекара қызметіне деген “адалдығы” кинолог мамандардың мақтанышына айналды.
2021 жылы ТМД елдері арасында өткен халықаралық жарыста Рамос қызметтік иттер арасынан озып шығып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл — оның кәсіби шеберлігінің алғашқы үлкен жетістіктерінің бірі еді. Сол жылы халықаралық деңгейдегі жарыста жарылғыш заттарды іздестіру бағыты бойынша І орын алып, Қазақстан шекарашыларының абыройын асқақтатты.
Рамос тек жарыстарда ғана емес, күнделікті қызмет барысында да ерекше ерлік көрсетті. Ол көптеген заңсыз тасымалданған есірткі заттарын анықтауға қатысып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға зор үлес қосты.  Оның қырағылығы мен қызметке деген адалдығы талай қауіпті жағдайдың жолын кесті.
2025 жылы ТМД елдері арасында Ресейдің Вязьма қаласында өткен беделді жарысқа қатысқан Рамос тағы да жоғары нәтиже көрсетуге бар күшін салды. Алайда жарыстың күрделілігі мен қолайсыз климат жағдайы оның денсаулығына ауыр әсер етті. Соған қарамастан соңына дейін күрескен чемпион қызметтік ит жарыс барысында кенеттен көз жұмды.
Бұл оқиға шекара қызметі саласында үлкен қайғы болды. Рамос — жай ғана қызметтік ит емес, нағыз шекарашы, адал серік, чемпион еді. Оның өмірі мен қызметі көптеген кинологтар мен шекарашыларға үлгі болып қалды.
Рамостың жарқын рухына құрмет ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызметтік кинология басқармасының саптық алаңына арнайы ескерткіш орнатылды. Бұл — ел тыныштығы жолында аянбай қызмет еткен чемпион қызметтік итке көрсетілген үлкен құрмет.
Рамос есімі шекара қызметінің тарихында мәңгі сақталады.

ҚР ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасы
майор Л. Мақытбекқызы

Другие новости

Щедрый дар родной земли

Щедрый дар родной земли

Свежие продукты с местных полей и ферм, доступные...

  30.10.2026   91
Его наследие - вне времени

Его наследие - вне времени

В этом году Казахстан и мировое сообщество отмечаю...

  30.10.2026   111
Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру бағытын...

  30.10.2026   123
4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

Алматы облысында жұмыс берушілер тарапынан 4 300-д...

  30.10.2026   120
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.