Понедельник, 08 Июня 2026

Сауда қызметін реттеу саласында атқарылған жұмыстар

Сауда қызметін реттеу саласында атқарылған жұмыстар

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және заң талаптарының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жыл басынан бері 101,5%-ды құрады. Апталық көрсеткіш бойынша баға индексі 99,9%, яғни баға деңгейі тұрақты.

2025 жылы заң талаптарын бұзған 62 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 579 970 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Ал 2026 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 171 сауда субъектісіне қатысты 643 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3 410 226 теңге айыппұл салынды.

Оның ішінде:
467 хаттама – ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша;
176 хаттама – ӘҚБтК-нің 193-бабы 4-бөлігі бойынша рәсімделді.

Тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 40%-дан 203,8%-ға дейін негізсіз сауда үстемесін қосқан:
1 сауда желісі;
1 көтерме сауда орны;
11 сауда субъектісі анықталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің азық-түлік базарлары қызметін реттеу және тиімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында өңірлік комиссия жұмысы аясында «Алтын Орда» сауда базарындағы 13 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 7 тиімсіз делдал жойылды.

Қазіргі таңда өндірушілер мен ірі тасымалдаушылардың тізімі жасақталып, электрондық шот-фактуралар арқылы делдалдық схемаларды жою бағытында жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарынан алынған электрондық шот-фактураларды талдау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын бірқатар ірі сауда субъектілерінде заңбұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда:
ЖК «Омаров»
«Iceberg Distribution» ЖШС
«Ар Диас» ЖШС

аталған субъектілер тауарлық үстемені негізсіз арттырған. Аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексерулер тағайындалып, нәтижесінде 270 312,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бағаны тұрақтандыру және жұмыстар тұрақты бақылауда.

Другие новости

В Германии суд признал законными штрафы за оскорбления канцлера Мерца в Facebook

В Германии суд признал законными штрафы за оскорбления канцлера Мерца в Facebook

Суды в Германии приговорили к уголовной ответствен...

  08.06.2026   127
Алматы облысында халықаралық автотуризм фестивалі өтеді

Алматы облысында халықаралық автотуризм фестивалі өтеді

Биылғы жазда  өңірлік туризм жаңа жобалармен...

  08.06.2026   152
Мебель от Алшына

Мебель от Алшына

Мебельное производство сегодня становится востребо...

  08.06.2026   175
Зрелость государства - в каждом постулате

Зрелость государства - в каждом постулате

В новой Конституции четко обозначены новые обществ...

  08.06.2026   189
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.