Среда, 12 Августа 2026

Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді

Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді

Алатау қаласында Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісі жобасы аясында салынған жаңа автокөлік көпірінің қозғалысы ашылды.

Ұзындығы 950 метрді құрайтын жаңа жол өткелі 24×32×24 метрлік құрылыммен салынған. Нысан өңірдің көлік инфрақұрылымындағы маңызды жобалардың бірі. Ол көлік қатынасының тиімділігін арттыруға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.


Жол өткелі Алатау қаласының құрамына кіретін Нұра және Туғанбай елді мекендерін Жетіген қаласымен байланыстырады. Көпір тәулігіне 15 мыңнан астам автокөлікті өткізуге есептелген және өңірдегі елді мекендер арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетеді.

Бұған дейін көлік қозғалысы Жетіген станциясындағы теміржол өткелі арқылы жүзеге асырылатын. Қарбалас уақытта және пойыздар жиі қатынайтын кезеңдерде өткелдің екі жағында ұзындығы 800 метрге дейін жететін көлік кептелістері пайда болып, жүргізушілер 30–40 минутқа дейін күтуге мәжбүр болатын. Бұл жағдай тұрғындарға қолайсыздық туғызып, жол желісінің өткізу қабілетін төмендетіп, көлік инфрақұрылымына түсетін жүктемені арттырды.

Жаңа жол өткелінің іске қосылуы автокөлік пен теміржол қозғалысының бір деңгейде қиылысуын толықтай жойды. Соның нәтижесінде Жетіген станциясы арқылы қатынау уақыты бірнеше минутқа дейін қысқарды. Сонымен қатар нысан жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, елді мекендердің көлік қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Енді жедел қызметтер, қоғамдық көлік пен мектеп автобустары пойыз қозғалысының кестесіне тәуелді болмай, кедергісіз қатынай алады.


Автокөлік көпірінің құрылысы Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісі жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жоба Алматы теміржол торабының өткізу қабілетін арттыруға, көлік ағындарын оңтайландыруға және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған.

Бұл жобаның жүзеге асуы көлік саласы үшін ғана емес, жаңа Алатау қаласының дамуы үшін де маңызды. Елді мекендер арасындағы көлік байланысының жақсаруы іскерлік белсенділіктің артуына, инвестициялық тартымдылықтың өсуіне, кәсіпкерліктің дамуына және қалалық инфрақұрылымның одан әрі жетілуіне ықпал етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан инфрақұрылымдық жобалар еліміздің көлік жүйесін дамытуға, тасымалдау үдерісінің тиімділігін арттыруға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға және халыққа көрсетілетін көлік қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған.

Другие новости

Уважаемые жители города Конаев!

Уважаемые жители города Конаев!

В связи с проведением работ по модернизации теплов...

  10.08.2026   192
Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Мұнда аптап ыстықта қоқыс қалдықтары бықсып, тұтан...

  10.08.2026   136
Акция добра и помощи

Акция добра и помощи

До начала нового учебного года остается совсем нем...

  07.08.2026   276
Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесіне жаса...

  07.08.2026   196
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.