Вторник, 11 Августа 2026

Алматы облысында табиғи монополиялар саласындағы бақылау күшейді

Алматы облысында табиғи монополиялар саласындағы бақылау күшейді

Алматы облысында табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік бақылау мен реттеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Жыл басынан бері жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде заң талаптарының сақталуы күшейіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, департаменттің негізгі міндеті – табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және көрсетілетін қызметтердің тарифтерінің негізділігін қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта департамент 112 қызмет түрін жүзеге асыратын 84 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Оның ішінде тауарлық газды тасымалдау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру, электр энергиясын тасымалдау, сондай-ақ кірме жол қызметтерін көрсететін кәсіпорындар бар. Сонымен қатар газбен жабдықтау саласындағы 10 қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу қызметіне бақылау жүргізіледі.

Жыл басынан бері тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге қатысты 192 өтінім қаралып, олардың заң талаптарына сәйкес келмеген 112-сі қабылданбады. Бұл тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуге және тұтынушылардың мүддесін қорғауға бағытталған маңызды қадам болды.

Департаменттің жүйелі жұмысының нәтижесінде 2025–2026 жылғы жылыту маусымы бойынша тұрғындарға жалпы сомасы *12,7 миллион теңгеден астам қаражат* қайтарылады. Оның ішінде «Алматыоблжылу» ШЖҚ МКК тұтынушыларына 10,8 миллион теңге, ал «Жылу орталығы» ШЖҚ МКК тұтынушыларына 925 мың теңгеден астам қаржы қайтарылады. Бұл қаражат Талғар, Есік, Шелек, Шонжы, Алатау, Қаскелең және Қонаев қалалары мен Заречный ауылындағы тұрғындарға беріледі.

Сондай-ақ биыл табиғи монополия субъектілерінің қызметіне жүргізілген бақылау жұмыстары аясында 11 кәсіпорынға тексеру жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша 7 нұсқама берілді. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде бірқатар кәсіпорындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң талаптарының орындалуы қамтамасыз етілді.
Гүлмира Өтегенованың айтуынша, департамент алдағы уақытта да табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіп, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Жүргізіліп жатқан жүйелі бақылау шаралары табиғи монополиялар саласында ашықтықты арттырып, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ең бастысы – тұрғындардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Другие новости

Уважаемые жители города Конаев!

Уважаемые жители города Конаев!

В связи с проведением работ по модернизации теплов...

  10.08.2026   181
Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Мұнда аптап ыстықта қоқыс қалдықтары бықсып, тұтан...

  10.08.2026   128
Акция добра и помощи

Акция добра и помощи

До начала нового учебного года остается совсем нем...

  07.08.2026   267
Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесіне жаса...

  07.08.2026   196
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.