Вторник, 20 Октября 2026

Іле ауданында балаларға күн сайын жазғы мереке сыйлануда

Іле ауданында балаларға күн сайын жазғы мереке сыйлануда

Жаздың аптап ыстығында Іле ауданында балалардың қауіпсіз әрі көңілді демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта ауданның барлық ауылдық округтерінде күн сайын өрт сөндіру қызметінің арнайы техникаларының қатысуымен су мерекелері өткізіліп келеді.

Мұндай игі бастаманың жарқын үлгісінің бірі – Өтеген батыр ауылындағы «Үш ұрпақ» саябағы. Мұнда күн сайын шамамен 400–500 бала жиналып, асыға күтетін ерекше мерекенің куәсі болады. Өрт сөндіру көліктерінен шашылған салқын су балаларды сергітіп қана қоймай, жазғы демалысқа ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Су шашу ойындарынан кейін бүлдіршіндерге балмұздақ таратылып, олардың қуанышы еселене түседі. Балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың ризашылығы бұл бастаманың маңызын айқын көрсетеді.

Аталған іс-шаралар аудан әкімдігінің, төтенше жағдайлар қызметінің және демеушілердің бірлескен қолдауының арқасында ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу, аптап ыстықтың әсерін жеңілдету және тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Осындай су мерекелері Іле ауданының барлық ауылдық округтерінде тұрақты түрде ұйымдастырылып, жүздеген балаға қуаныш сыйлауда. Балалардың қауіпсіздігі мен бақытты балалық шағын қамтамасыз ету – ауданның басты басымдықтарының бірі.

Другие новости

Семейное дело со вкусом

Семейное дело со вкусом

Удачно подобранный соус способен преобразить даже...

  20.10.2026   90
Алматы облысында тұтынушыларға 87 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Алматы облысында тұтынушыларға 87 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Алматы облысында азаматтардың тұтынушылық құқықтар...

  20.10.2026   104
День Республики: в Конаеве запустили производство 10 видов печенья

День Республики: в Конаеве запустили производство 10 видов печенья

В преддверии Дня Республики предприниматель из Кон...

  20.10.2026   97
Республика күні: Қонаевта 10 түрлі тәтті тоқаш шығаратын кәсіпорын өз жұмысын бастады

Республика күні: Қонаевта 10 түрлі тәтті тоқаш шығаратын кәсіпорын өз жұмысын бастады

Республика күні қарсаңында Қонаев қаласының кәсіпк...

  20.10.2026   91
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.