Воскресенье, 18 Октября 2026

Алматы облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда

Алматы облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда

Алматы облысында табиғи монополиялар саласын дамыту және азаматтарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету бағытында маңызды жобалар қолға алынған. Өңірде инфрақұрылымды жаңарту және тарифтерді реттеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Гульмира Өтегенова түсіндірді:
«Өңірдегі энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту — халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған басты міндеттердің бірі. Монополиялық мекемелердің инвестициялық бағдарламалары аясында тозығы жеткен желілер мен жабдықтар кезең-кезеңімен жаңартылуда. Әрбір инвестицияланған қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен тарифтердің негізділігі тұрақты бақылауда болады».

Департамент тарапынан монополист кәсіпорындардың міндеттемелерін орындауына жүйелі талдау жүргізіліп келеді. Инфрақұрылымдық желілерді жаңарту есебінен апаттық жағдайларды азайту және көрсетілетін қызметтердің сенімділігін арттыру көзделген.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тарифтік саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша да кешенді шаралар жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірді сапалы әрі тұрақты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Другие новости

Алматы облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда

Алматы облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда

Алматы облысында табиғи монополиялар саласын дамыт...

  18.10.2026   84
Найти свое дело в родном ауле

Найти свое дело в родном ауле

В рамках проекта Jol Tap в Балхашском районе юноши...

  16.10.2026   260
С багажом новых знаний

С багажом новых знаний

Первая его попытка создать собственную видеоигру у...

  16.10.2026   213
Округ с яркой перспективой

Округ с яркой перспективой

Нуринский сельский округ - самый отдаленный в Талг...

  16.10.2026   244
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.