ІЛЕ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТЕДІ
2026 жылғы 29 қазанда Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы мәдениет үйінде Кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Мерекелік жиын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге құрмет көрсетуге, олардың еңбегі мен жетістіктерін дәріптеуге арналады.
Кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Шағын және орта бизнес өкілдері жаңа жұмыс орындарын ашып, өндірісті дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және ауданның экономикалық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
Іле ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып, түрлі бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындар мен қызмет көрсету нысандарының қатары артып келеді. Кәсіпкерлердің бастамалары жергілікті экономиканың нығаюына, инвестиция тартуға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Салтанатты іс-шара барысында кәсіпкерлік саласының өкілдеріне алғыс білдіріліп, ауданның дамуына қосқан үлестері атап өтіледі. Сондай-ақ олардың табанды еңбегі мен іскерлік бастамаларына құрмет көрсетіледі.
Кәсіпкерлер күні – өз ісін дамытып қана қоймай, қоғамның өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалайтын маңызды мереке.
Аудан кәсіпкерлеріне жаңа жетістіктер, толағай табыс, тың бастамалар мен берекелі істер тілейміз! Бизнестеріңіз өркендеп, Іле ауданының дамуына қосар үлестеріңіз арта берсін!







