Суббота, 27 Июля 2024

Қазақстанның үздік педагогтарының есімдері аталды

Қазақстанның үздік педагогтарының есімдері аталды

Тәуелсіздік меркесі қарсаңында Қазақстан республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» бүкілхалықтық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Мыңнан аса   оқытушылардың ішінен 64 мұғалім «Үздік педагог» атанып, төсбелгісі мен куәлігіне, сондай-ақ ақшалай сыйақыға ие болды.

Еліміздің үздік ұстаздар рейтінгіне  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімі Зәуре Ділманова кірді.

Зәуре Ділманова – педагогика саласында 37 жылдық тәжірибесі бар білікті маман, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің, ондаған алғысхат пен құрмет грамотасының иегері, ғылыми мақалалардың авторы. Зияткерлік мектептер экожүйесінде 2013 жылдан бері қызмет етеді. Ұстаздың оқушылары халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып жүр.
Зәуре Дільманова - сыр елінің танымал ұстаздар әулетінің өкілі.

– Менің бойымда білім мен химияға деген сүйіспеншілікті ата-анам және ұстаздарым оятты. Химия пәнінің мұғалімі Дурлештер Исаак Савельевич аптасына тоғыз сағат тереңдетілген сабақты оқытты, ол кезде химия сабағы 2 сағаттан артық берілмейтін. Мектепті бітірген соң бірден педагогикалық институтқа түстім. Таңдау айқын болды - химия мұғалімі болу. Қазір НЗМ-де өзімнің сүйікті пәнімнен сабақ беретініме қуаныштымын, оқушылардың жанып тұрған көздерін көргенде бұл мені екі есе шабыттандырады, - деп сыр шертеді еліміздің үздік ұстазы.

Осымен Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ-нің химия мамандары екінші жыл қатарынан “Үздік педагог” атағына ие болып отыр.

Жанар АДАМБАЕВА, Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ-нің баспасөз хатшысы.

Другие новости

Баллы высоких надежд

Баллы высоких надежд

Среди тех, кто в этом году  окончил школу в Ж...

  25.07.2024   238
Лучшие выбирают SDU University

Лучшие выбирают SDU University

В текущем году в целом по стране в Едином национал...

  24.07.2024   227
Два абитуриента с 140 баллами выбрали SDU University

Два абитуриента с 140 баллами выбрали SDU University

Жаннур Енсебек и Айым Ержанова, набравшие 140 балл...

  20.07.2024   327
В г. Қонаев 12 выпускников выиграли гранты на обучение за границей

В г. Қонаев 12 выпускников выиграли гранты на обучение за границей

Качество образования составило 65,7%, сообщает пре...

  17.07.2024   311
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.