Вторник, 25 Августа 2026

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылында 1500 орынға арналған жекеменшік «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі ашылды. Бұл білім ордасы заман талабына сай, жаңа құрылғылармен жабдықталған және оқушыларға сапалы білім беруге бағытталған. Мектептің ашылу салтанаты ауыл тұрғындары, облыс басшылығы, құрметті қонақтар мен мектеп ұжымының қатысуымен өтті.

Салтанатты шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара, «Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы, сондай-ақ облысымыздың құрметті азаматтары, ақжаулықты аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ашылу рәсімі Исағұлова Гүлсараның құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде білім беру саласындағы осындай маңызды жобалардың қоғамның дамуына тигізетін оң әсерін атап өтіп, жергілікті кәсіпкерлердің игілікті істеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған бұл мектептің ауыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

«Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы да жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтап, өз сөзінде: “Бұл мектепті салу мақсатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамасында 1000 мектептің салынуына орай, кәсіпкерлер өз үлесімізді қосайық деп мектеп салып бастадық. Бірінші мектебімізді Іле ауданында аштық, екінші мектебімізді Еңбекшіқазақ ауданында ашып жатырмыз,” — деп атап өтті. Сонымен қатар, мектептің құрылыс жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгені және оның халықтың талап-тілектеріне толық жауап беретіндігі туралы айтты.

Бұл білім ордасы 1500 орындық, ал оның құрылысына 5,6 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Мектептің жаңа ғимараты заманауи талаптарға сай жабдықталған және оқушылар үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтылған.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнара Сағатқызы Жошыбаева құттықтау сөз сөйлеп, мектептің ауыл жастарына білім мен даму жолында үлкен мүмкіндік сыйлайтынын атап өтті.

Мектептің алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушылары Шерзат Асия мен Қалдыбек Мейрамбекке тапсырылды. Қоңырау үнімен бірге жаңа оқу жылының басталғаны жарияланды.

Жаңа мектептің ашылуы — Алматы облысының білім саласына қосқан үлкен үлесі әрі ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Енді осы жерде көптеген талантты шәкірттер тәрбиеленіп, олар еліміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосатын болады.

Алматы облысы әкімнің баспасөз қызметі.

Другие новости

Почти половина карасайских выпускников получили гранты

Почти половина карасайских выпускников получили гранты

Согласно списку обладателей государственных гранто...

  21.08.2026   222
На образование в Алматинской области в этом году выделено 458 млрд тенге

На образование в Алматинской области в этом году выделено 458 млрд тенге

Аким Алматинской области Марат Султангазиев на зас...

  18.08.2026   334
Августовская конференция: пять школ Алматинской области вошли в топ-100 лучших школ страны

Августовская конференция: пять школ Алматинской области вошли в топ-100 лучших школ страны

В преддверии нового учебного года в Алматинской об...

  14.08.2026   665
От детского сада до цифровой школы

От детского сада до цифровой школы

Очередь в детские сады города Қонаев после запуска...

  14.08.2026   592
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.