Среда, 02 Июля 2025

IMPACT Олимпиадасындағы  NIS мұғалімдерінің бірегей жеңісі

IMPACT Олимпиадасындағы  NIS мұғалімдерінің бірегей жеңісі

Еллордада физика, математика және информатика  мұғалімдері арасында  өткен халықаралық IMPACT Олимпиадасы өз мәресіне жетті. 

 Қазақстан және көршілес елдерден мыңнан аса педагогтар мен жаттықтырушылар жиналған шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша  Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің физика мұғалімі Ернұр Чакенов пен математика пәні мұғалімі Айбол Оразғалиев абсолюттік жеңімпаз атанды. Физика пәнінің мұғалімі Ернұр Чакенов олимпиаданың күрделі тапсырмалары мен қатаң талаптарын орындай отырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Айбол Оразғалиев 174 математика мұғалімдерінің ішінен ең үздік нәтиже көрсетіп бірінші орынға лайықты деп танылды.

Бұл жетістік оқытушылардың  мұғалімдік кәсібінің жоғары деңгейін және өз ісіне деген адалдығын көрсетеді.

Дәстүрге айналған IMPACT Олимпиадасы тек жарыс қана емес, сондай-ақ олимпиадаға оқушыларын дайындайтын мұғалімдер мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасатын   кәсіби алаңға айналып, білім сапасын арттыру, үздік тәжірибелермен бөлісу және педагогтар қауымдастығын нығайту бағытында  маңызды роль атқарады.

Другие новости

Голос мечты

Голос мечты

Команда NIS стала открытием международной конферен...

  30.06.2025   196
NIS командасы ғарышты игеруге арналған халықаралық конференцияның басты жаңалығына айналды

NIS командасы ғарышты игеруге арналған халықаралық конференцияның басты жаңалығына айналды

Биыл Алматы қаласындағы физика-математика бағытынд...

  30.06.2025   217
Простор, свет и техника

Простор, свет и техника

Новая школа в селе Жаналык открыла свои двери для...

  25.06.2025   542
К новому учебному году – новая школа

К новому учебному году – новая школа

В рамках национального проекта «Комфортная школа»...

  20.06.2025   577
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.