Среда, 26 Ноября 2025

Роботтар жеңіске жетелейді

Роботтар жеңіске жетелейді

«DIGITAL ALMATY-2025»  VII Халықаралық сандық форумында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің «PID» мен «Point»  робототехника  командалары   үздіктер қатарынан табылды.  " Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» тақырыбына арналған форум Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және Astana Hub ұйымдастыруымен өтті.

Форумның аясында ұйымдастырылған  «Digital Ministry Cup» робототехниканың соңғы жетістіктер біріншілігінде зияткерлер инженерлік озық ойларымен конструкторлық шеберліктерін ортаға салып өнерлерін сәтті көрсетті. «PID»  команда   «Finalist alliance captain»  номинациясымен марапатталып   300 000 теңгелік сертификат табысталды. 

№208 қалалық мектеп-гимназиясының оқушыларымен коллоборацияда құрылған  «POINT» командасы «Winning alliance partner» номинациясын жеңіп алып 500 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Сондай-ақ команда Кипрде өтетін құрлықтық робототехника чемпионатына жолдама алды. 

Жыл басында робототехниктердің құрама  командасы әйгілі First Tech Challenge әлемдік чемпионатының іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, робототехника саласындағы беделді халықаралық байқаулардың бірі — Индияда өтетін First Tech Challenge байқауына квота алған болатын.
Бұл жетістік ұжымдық жұмыс, шығармашылық көзқарас және жас инженерлеріміздің жоғары техникалық дайындықтарының арқасында мүмкін болды.
Іріктеу турында команда тек роботтарды құрастыру мен бағдарламалаудағы шеберліктерімен қатар командалық жұмыстағы, ерекше тапсырмаларды орындауында және инновациялық шешімдер табудағы озық дағдыларын көрсете білді. Команда жаңа технологиялар негізінде  роботтарды жасақтап жаңа жетістіктерге жетуді көздеп отыр:

– Біз жақында өткен FIRST өңірлік чемпионаттарында елеулі жеңістерге қол жеткіздік, Алматы облысының Жыланды ауылында өткен өңірлік чемпионатында, Маңғыстауда өткен облыстық чемпионатта  бас номинацияларды  жеңіп алдық, бірінші Орталық Азия чемпионатына және Үндістандағы FIRST TECH CHALLENGE-ге қатысуға квоталар алдық. Бұл жетістіктерді «Digital Ministry Cup» Алматы сандық форумының марапаты толықтырғанына қуаныштымыз. Осы жеңістер  бізді  зерттеулер мен әзірлемелерді жалғастыруға шабыттандырады,- деп бөлісті команда капитаны, 11-сынып оқушысы Рамазан Онғаров

Әрине, оқушылардың жетістіктерінің артында жетекшілері информатика пәні мұғалімі Ясинжан Шақан мен NIS Engineering Lab жетекшісі Айбек Қалабайдың зор еңбегі тұр. 


Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі.

Другие новости

Сила родного слова

Сила родного слова

В педагогической среде немало молодых специалистов...

  23.11.2025   244
На республиканском этапе Президентской олимпиады Алматинская область показала один из лучших результатов

На республиканском этапе Президентской олимпиады Алматинская область показала один из лучших результатов

С 17 по 21 ноября 2025 года в Астане прошёл респуб...

  22.11.2025   290
Следуя велению души

Следуя велению души

В Уйгурском районе Алматинской области успешно про...

  17.11.2025   418
Учитель и его цифровой напарник

Учитель и его цифровой напарник

В Казахской средней школе-лицее областного центра...

  14.11.2025   430
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.