Пятница, 03 Июля 2026

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

24 наурыз бен 31 наурыз аралығында еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылауға бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Республиканың әр өңірінде студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер қатысқан кездесулер, сараптамалық пікірталастар, дөңгелек үстелдер және басқа да диалог алаңдары өткізілді. Барлығы шамамен 250 іс-шара ұйымдастырылып, профессорлық-оқытушылық құрамның, докторанттар мен магистранттар, жас ғалымдардың 10 мыңнан астам өкілі қамтылды.

Талқылаудың басты бағыты ретінде 19 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықпен кездесудегі сөзі қаралды.

31 наурызда елдің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында тақырыптық талқылаулар өтті, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Қарағанды техникалық университеті.

1 сәуірде ұқсас іс-шаралар Шәкәрім университетінде, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жалғасты.

Кездесулер барысында қатысушылар Мемлекет басшысының белгілеген ғылым мен жоғары білімді дамытудағы негізгі бағыттарын талқылады, оның ішінде ғылыми әлеуетті нығайту, университеттердің рөлін арттыру, жас ғалымдарды қолдау, ғылымды экономика саласымен интеграциялау, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелері қаралды.

Аталған шаралар жастар арасында конституциялық құндылықтарды тұрақты түсінуді қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы: салыстырмалы талдау» атты әдістемелік нұсқаулық әзірледі, ол Ұлттық коалиция жұмысына пайдаланылды.

Қазіргі уақытта жаңа Конституцияға арналған әдістемелік ұсыныстар мен ғылыми түсіндірмелер профильдік мамандар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен дайындалып жатыр.

Сонымен бірге жаңа Конституцияның нормалары оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізіліп, жоғары білім жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Другие новости

Одаренные школьники покоряют  интеллектуальный Олимп

Одаренные школьники покоряют интеллектуальный Олимп

Поддержка одаренной молодежи и популяризация ее до...

  26.06.2026   287
Школа на пороге перемен

Школа на пороге перемен

Как педагог с большим стажем работы, знающий школу...

  26.06.2026   330
Одаренные школьники покоряют международные соревнования

Одаренные школьники покоряют международные соревнования

Поддержка одаренной молодежи и популяризация ее до...

  26.06.2026   264
Вектор успеха

Вектор успеха

Завершение очередного учебного года - момент гордо...

  25.06.2026   310
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.