Суббота, 28 Марта 2026

NIS оқушылары халықаралық білімдодасында жеңіс тұғырын бағындырды

NIS оқушылары  халықаралық білімдодасында жеңіс тұғырын бағындырды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Дубайда өткен 57-ші Халықаралық химия олимпиадасында (IChO) жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан қоржынына екі алтын және бір күміс медаль салды.

Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Кирилл Ким мен Абылай Қабдулхадыр алтын медаль иегері атанды. Айта кетерлігі, Кирилл IChO-да осымен екінші рет алтын медаль жеңіп отыр, ал Абылай өткен жылы осы халықаралық додада күміс медаль иеленсе, биыл нәтижесін жақсартып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Күміс медальді Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Еңлік Бақытбекова иеленді. Еңлік те бұған дейін бірнеше мәрте халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанған еді.

Айта кетейік, биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 360-тан аса үздік жас химик жиналды. Қатысушылар бірнеше күн бойы органикалық, аналитикалық және физикалық химия бойынша білімдерін теориялық және практикалық турларда сынады.  
 

Другие новости

В Алматинской области строят 9 школ на 7200 мест

В Алматинской области строят 9 школ на 7200 мест

В Алматинской области завершается строительство 9...

  20.03.2026   741
Алматы облысында 7200 орынды 9 «Келешек мектебінің» құрылыс жұмысы аяқталуға жақын

Алматы облысында 7200 орынды 9 «Келешек мектебінің» құрылыс жұмысы аяқталуға жақын

Алматы облысында 2026 жылы наурыз айының соңына де...

  20.03.2026   687
Сохраняя  ценность слова

Сохраняя ценность слова

В век быстрых сообщений и коротких видео непререка...

  18.03.2026   734
Сила родного слова

Сила родного слова

В педагогической среде немало молодых специалистов...

  17.03.2026   614
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.