Пятница, 18 Сентября 2026

Алматы облысында жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Алматы облысында жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқаны жалғасуда. Биыл өңірде жүгері 65,2 мың гектар алқапқа егілді.

Бүгінде 7,8 мың гектар алқаптағы жүгері жиналып, бұл жалпы егіс көлемінің 11,9 пайызын құрады. Жиналған алқаптардан 73,4 мың тонна өнім алынған. Орташа өнімділік гектарына 95–110 центнер шамасында.

Қазіргі таңда жүгері жинау жұмыстары Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле аудандары мен Қонаев қаласында жүргізілуде.

Еңбекшіқазақ ауданында егілген 32,7 мың гектардың 3,2 мың гектарындағы өнім жиналды. Ұйғыр ауданында 9,1 мың гектар жүгері алқабының 1,1 мың гектары орылды. Іле ауданында да алғашқы алқаптардан өнім жинау басталды.

Ал Балқаш ауданында жүгері жинау науқаны толық аяқталды. Ауданда 3,3 мың гектар алқаптан 33,8 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділік гектарына 101 центнерді құрады.

Жалпы, облыстағы негізгі жүгері өсіретін аудандарда жинау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, науқанның қарқыны арта түспек.

Другие новости

Алматы облысында жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Алматы облысында жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау...

  18.09.2026   71
В Алматинской области активно идет уборка картофеля

В Алматинской области активно идет уборка картофеля

В этом году площадь посевов картофеля в Алматинско...

  18.09.2026   67
Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Алматы облысында биыл картоп егістігінің көлемі 9,...

  18.09.2026   64
Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Алматы облысының Балқаш ауданында күріш жинау жұмы...

  18.09.2026   69
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.