Четверг, 26 Марта 2026

Ұлт бірлігі мен мемлекеттіліктің нышаны – Республика күні

Ұлт бірлігі мен мемлекеттіліктің нышаны – Республика күні

Еліміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі – Республика күні. Бұл күн – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысы мен елдігіміздің айқын көрінісі. Республика күні – мемлекетіміздің іргетасын қалаған тарихи шешім қабылданған, егеменді ел болуға бағытталған маңызды белес.

Осы айтулы мерекеге орай «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалы аудан мектептері мен колледждерінің директорларын және ұстаздарын Республика күнімен құттықтады.

Білім мен тәрбие саласы – мемлекеттің болашағын айқындайтын ең маңызды бағыттардың бірі. Ұстаздар жас ұрпақтың бойына елжандылық пен отансүйгіштік қасиетті дарытып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына зор үлес қосуда.

– «Республика күні – баршамыз үшін бірлік пен жаңғырудың, тәуелсіздікті дәріптеудің мерекесі. Ел ертеңі – жас ұрпақтың саналы тәрбиесінде. Осы жолда еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі ерекше құрметке лайық», – деді аудандық партия филиалының төрағасы С.Думчибаев.

Салтанатты жиын барысында ұстаздарға алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер мен игі тілектер айтылды.

Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді оятатын, елдік рухты асқақтататын мереке. Бұл күн өткенімізге тағзым етіп, жарқын болашаққа сеніммен қарауға үндейді.

Другие новости

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

В прошлом году была построена новая дорога, ведуща...

  23.03.2026   251
Дух единства и традиций

Дух единства и традиций

Сегодня в Казахстане в рамках декады Наурызнама от...

  21.03.2026   392
Развивая культуру взаимопомощи

Развивая культуру взаимопомощи

Наурызнама шагает по Казахстану. Каждый день празд...

  21.03.2026   285
Здесь оживают древние обычаи

Здесь оживают древние обычаи

Минуло 38 лет, но мы, каргалинцы, с гордостью внов...

  21.03.2026   271
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.