Понедельник, 05 Октября 2026

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардақты өкілдері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – жас ұрпаққа білім беруімен қатар, олардың бойына адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыратын қастерлі мамандық иесі.

Бүгінде Іле ауданының білім саласындағы жетістіктері мен шәкірттеріміздің әрбір жеңісінің артында сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз тұр. Өткен оқу жылында 19 түлек 130 балдан жоғары нәтиже көрсетіп, 470 түлек «Алтын белгі», 292 түлек үздік аттестат иеленді. Оқушыларымыз облыстық, республикалық және халықаралық білім додаларында да жүлделі орындардан көрінді.

Педагогтердің кәсіби жетістіктері де көңіл қуантады. Өткен оқу жылында аудан мұғалімдері түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда 1072 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде 913 – аудандық, 141 – облыстық, 16 – республикалық және 2 – халықаралық деңгейдегі жетістік.

Білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Жаңа мектептердің салынуы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жаңаруы – өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге жасалған маңызды қадам.

Құрметті ұстаздар!

Сіздерге жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудегі еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін! Шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындырғанын көріп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Іле ауданының әкімі
Жақсымбетов Қайыржан Серікбайұлы

Другие новости

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардақты өкілдер...

  05.10.2026   74
Семейный урок Богруновых

Семейный урок Богруновых

В преддверии Дня учителя рассказываем о педагогиче...

  05.10.2026   110
Школа нового поколения

Школа нового поколения

Школой №27 в селе Жаналык Талгарского района по пр...

  05.10.2026   85
Великие имена в большой истории

Великие имена в большой истории

180-летие Жамбыла Жабаева стало большим культурным...

  04.10.2026   158
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.