Среда, 04 Октября 2023

"Қазақтардың саны 60 миллионға жетуі керек еді". Тарихшы ашаршылық жайлы жантүршігерлік деректер айтты

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1930-1933 жылдардағы ашаршылықта ресми деректер бойынша, 1,5 миллион адам қайтыс болған. Оның 1,3 миллионы қазақтар деседі. Алайда зерттеушілер нақты сан бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Республикалық саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы Massaget.kz тілшісіне ашаршылық жылдарындағы жантүршігерлік деректер туралы айтып, тарихқа шолу жасады.

Ашаршылық жылдары қанша қазақ қырылды?

Тарихшы Азамат соғысы біткен 1921 жылы қуаңшылық болып, халық ашаршылыққа ұшырағанын айтады. Сол кездері, тарихшыларымыздың айтуы бойынша, 1,7 миллиондай қазақ қырылған екен.

"Ашаршылықтан өтіп, халық есін жия бастаған кезде 1925 жылы дін қызметкерлерінің соңына түсіп, жер аудартатынын аударып, ататынын атып, түрмеге қамаған. Одан кейін 1928 жылы Голощекин қазақтың қайраткерлерінің айтқанына көнбей, қазақтың жеріне кіші октябрь орнату керек деп күшпен ұжымдастыру басталды. Яғни байлардың малын тартып ала бастаған болатын. Елді ел етіп отырған байлардың малын тартып алу үлкен қырғынға ұшырататынын білген қазақ Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске шыға бастады", - дейді маман.

Тарихшының сөзінше, сол жылдары ашынған халықтың көтеріліске шығуы туралы түрлі деректер бар.

"Біздің қолымыздағы деректер бойынша, қазақтар Кеңес үкіметіне қарсы 1929-1932 жылдары 273 рет көтеріліске шықты десе, саяси репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының деректері бойынша, 560-тан аса көтеріліс болған екен. Ол көтерілістің бәрі қарулы күшпен басылып отырды. Алайда бұл көтерілістер Кеңес үкіметін төңкеріп тастауға бағытталмаған, тек өз балаларын асырап қалу үшін, амалсыздан көтерілді. Салдарынан 1932-1933 жылдары халық жаппай ашаршылыққа ұшырады", - дейді тарихшы.

 

Другие новости

Посол Казахстана вручил верительные грамоты Президенту Беларуси

Посол Казахстана вручил верительные грамоты Президенту Беларуси

Минск, 28 сентября 2023 года - В президентско...

  30.09.2023   239
Посол Иордании в Казахстане вручил копии верительных грамот

Посол Иордании в Казахстане вручил копии верительных грамот

Астана, 29 сентября 2023 года –&nb...

  30.09.2023   232
Казахстан и Кипр нацелены на активизацию широкого сотрудничества

Казахстан и Кипр нацелены на активизацию широкого сотрудничества

Никосия, 28 сентября 2023 года – З...

  30.09.2023   242
Казахстан добивается суверенного равенства стран в МАГАТЭ

Казахстан добивается суверенного равенства стран в МАГАТЭ

Вена, 29 сентября 2023 года – В рамках...

  30.09.2023   227
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2023. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.