Вторник, 17 Марта 2026

️Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты

️Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты

«Бүгін еліміздің бизнес қауымдастығы үшін өте маңызды күн деуге болады. Біз биыл да қалыптасқан дәстүрге сай «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттап жатырмыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын. Мемлекет Сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын.

Биылдан бастап 29 қазан «Қазақстан кәсіпкерлері күні» болып ресми түрде бекітілді. Сонымен қатар мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келесі жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады. Бұл еліміздегі барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ».

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Президент Касым-Жомарт Токаев ознакомился с результатами экзит-полла, проведенного в ходе республиканского референдума

Президент Касым-Жомарт Токаев ознакомился с результатами экзит-полла, проведенного в ходе республиканского референдума

После оглашения результатов экзит-полла Глава госу...

  16.03.2026   165
Мемлекет басшысы: «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі»

Мемлекет басшысы: «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі»

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғ...

  16.03.2026   162
Глава государства: «Новая Конституция – фундамент нашей Независимости и Суверенитета»

Глава государства: «Новая Конституция – фундамент нашей Независимости и Суверенитета»

Касым-Жомарт Токаев заявил, что общенациональный р...

  16.03.2026   172
«Саяси буллингпен» шетелдік азаматтардың айналысатыны өз алдына...»

«Саяси буллингпен» шетелдік азаматтардың айналысатыны өз алдына...»

Мемлекет басшысы:«Саяси буллингпен» шетелдік азама...

  12.03.2026   282
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.