Вторник, 02 Июня 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатау қаласы ресурстарды оңтайлы, үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатау қаласы ресурстарды оңтайлы, үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс»

«Осы проблеманы шешу үшін «First fuel» тұжырымдамасына ерекше назар қажет деп санаймын.
 
Халықаралық энергетика агенттігі әзірлеген бұл тұжырымдама энергияның тиімділігі мен қуат үнемдеуді арттыру шараларын кеңінен енгізуді қарастырады. Үнемделген энергияның бағасы жаңадан өндірілетін электр энергиясының құнына қарағанда, тіпті өндірістің қолжетімді түрлерімен салыстырғанда 2-3 есе төмен болатыны есептелген. Бұл жерде міндетті түрде пайдалануға болатын үлкен әлеует жатыр.
 
Қазақстанның қазіргі қуат шығыны ауқымы жағынан жекелеген өңірлер тұтынатын және өндіретін энергия көлеміне тең.
 
Өнеркәсіп министрлігінің ақпараты бойынша, желілердегі электр энергиясының шығыны шамамен 10 пайызды құрайды, жылу энергиясының шығыны да 10 пайызға жуық. Мәселен, 2024 жылы электр энергиясының жалпы шығыны 9 миллиардтан аса киловатт сағатты құрады. Бұл бүкіл Атырау облысындағы тұтыну көлемінен артық.
 
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпаратына сәйкес, еліміз – әлемде энергияны ең көп тұтынатын экономикалардың бірі. Салыстыру үшін айтар болсақ, Қазақстанның ІЖӨ-дегі энергия тұтынуы орташа әлемдік көрсеткіштен 2 есе жоғары, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері көрсеткіштерінен 3,5 есе артық.
 
Мойындауымыз керек, саладағы түйткіл көбінесе желілердің тозығы жеткенінде және электр энергиясын тасымалдаудағы ұзақ қашықтыққа ғана байланысты емес.
Сонымен бірге энергия тұтынудағы мәдениетіміздің төмендігінде де болып отыр.
 
Бұл бағытта Үкімет, әкімдіктер, ұлттық компаниялар және қоғам белсенділері атқаратын жұмыс көп. Біз халыққа электр энергиясын үнемдеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет.
 
Алатау қаласы ресурстарды оңтайлы, үнемдеп қолдануда үлгі болуға тиіс».

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жап...

  02.06.2026   11
Президент:  «На сегодняшний день ведется работа по приведению действующего законодательства в соответствие с требованиями Конституции.

Президент: «На сегодняшний день ведется работа по приведению действующего законодательства в соответствие с требованиями Конституции.

В предстоящее время пройдут выборы в Курултай, буд...

  02.06.2026   74
Президент:  «Бүгінде қолданыстағы заңнамаларды Конституция талаптарына сай өзгерту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Президент: «Бүгінде қолданыстағы заңнамаларды Конституция талаптарына сай өзгерту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Алдағы уақытта Құрылтай сайлауы өтеді, Халық кеңес...

  02.06.2026   73
Глава государства: «Основной закон должен быть не просто сводом человеческих ценностей и правовых норм, но и движущей силой развития страны»

Глава государства: «Основной закон должен быть не просто сводом человеческих ценностей и правовых норм, но и движущей силой развития страны»

«Как вам известно, в марте мы успешно провели конс...

  02.06.2026   97
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.