Суббота, 26 Сентября 2026

Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған

Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеретін неғұрлым дәл есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды.

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін жаңарту ең алдымен салымшылардың ұзақ мерзімді мүдделерін қорғауға бағытталған. Өйткені зейнетақы жинақтары – қарапайым депозит немесе күнделікті шығындарға жұмсалатын қаржы көзі емес. Оның негізгі мақсаты – азаматтарды зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін тұрақты табыспен қамтамасыз ету.

Министрлік зейнетақы қаражаты ең алдымен азаматтардың болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қызмет етуі тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады. Себебі бүгін жинақты мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін балама мақсаттарға (тұрғын үй мен емделу) пайдалану мүмкіндігі сақталады. Зейнетақы мөлшері бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй мен емделу қажеттіліктері үшін жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Ал мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар зейнетақы шотындағы қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие.

Айта кету керек, жеткіліктілік шектері соңғы үш жыл ішінде қайта қаралмаған. Сондықтан оларды жаңарту зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге және азаматтардың болашақта неғұрлым қорғалған әрі тұрақты табысқа сенім артуына мүмкіндік береді.

Зейнетақы жинақтары – адамның зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығының кепілі. Жаңартылған әдістеме қазақстандықтардың болашақтағы зейнетақы төлемдерін қорғауға, жинақтардың жеткіліксіз болу тәуекелдерін төмендетуге және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Другие новости

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірқатары бойынша баға төмендеуі жалғасуда

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірқатары бойынша баға төмендеуі жалғасуда

2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша есепті а...

  25.09.2026   199
В Казахстане продолжается снижение цен на ряд социально значимых товаров

В Казахстане продолжается снижение цен на ряд социально значимых товаров

По состоянию на 23 сентября 2026 года, за отчетную...

  25.09.2026   185
Голубое топливо – в каждое село

Голубое топливо – в каждое село

В Талгарском районе природным газом обеспечены 42...

  23.09.2026   198
Маршрутами дорожного ремонта

Маршрутами дорожного ремонта

На сегодняшний день общая протяженность автомобиль...

  23.09.2026   170
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.