Среда, 04 Марта 2026

Еңбегімен ел дамуына үлес қосқан кәсіпкер әйел

Еңбегімен ел дамуына үлес қосқан кәсіпкер әйел

Алматы облысының Райымбек ауданында қараусыз қалған көмір кен орнын осыдан 25 жыл бұрын «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының мүшесі Ләззат Ботабекова өз күшімен қайта жандандырып, аймақ халқын сапалы отынмен қамтамасыз етуде. Бүгінде кәсіпорын жылына 40 мың тоннаға дейін көмір өндіріп, өңірдің негізгі отын көзіне айналып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек адамы – ел адамы. Еңбек адамы, ең алдымен, туған елінің жарқын келешегі үшін аянбай жұмыс істейтін адам. Сондықтан қазір біз елімізде жұмысшы мамандарын кеңінен дәріптеп, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатырмыз» деген еді. Президенттің бұл сөздері ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген адамдардың қоғамдағы рөлін айқындайды. Солардың бірі – туған өлкесінің дамуына үлес қосып отырған Ләззат Ботабекова.

2000 жылы «Бүркіт» отын-энергетикалық компаниясының бас директоры Ләззат Ботабекова үкіметпен келісімшартқа отырып, қараусыз қалған «Ойқарағай» кен орнын өз қаражаты мен банк несиесі арқылы қайта іске қосты. Бұған дейін кәсіпорынды шетел азаматы басқарып, өндірістен түскен табыс елден сыртқа шығарылып келген. Сол күрделі кезеңде ол тозығы жеткен техникаға, экономикалық қиындықтарға қарамастан, халық үшін маңызды көмір көзін сақтап, өндірісті тұрақты жолға қойды.

«Сол жылдары халықтың жағдайы өте ауыр еді. Зейнетақы төлемдері кешіктіріліп берілетін. Мұғалімдердің жалақысы аз, көмірдің тоннасы небәрі 550 теңге болатын. Сондай қиын шақта өз күшімізге сеніп, осы істі бастадық. Сол еңбектің нәтижесінде бүгінде мыңдаған отбасының қысқы отын қажеттілігін өтеп отырмыз», – дейді кәсіпорын басшысы.

Бүгінде «Ойқарағай» кен орны Райымбек пен Кеген аудандарының негізгі отын көзі саналады. Газ тартылмаған бұл өңірлерде көмірдің әлеуметтік маңызы зор. Кәсіпорында 33 адам тұрақты жұмыс істейді, олардың көпшілігі жергілікті ауыл тұрғындары. Өндірісте қуаты жоғары ЭКГ экскаваторы пайдаланылады. Көмір қабаты 15 метр тереңдікте орналасқандықтан, жұмыс ашық әдіспен жүргізіледі.

«Бізде демалыс та, мереке де жоқ. Кәсіпорын жыл он екі ай жұмыс істейді. Жазда жер қазамыз, қыста дайын өнімді жеткіземіз. Таңғы бесте тұрып, кешкі жетіге дейін жұмыс істейміз. Бұл – ел алдындағы жауапкершілік», – дейді Ләззат Ботабекова.

«Ойқарағай» көмірінің сапасы Ұлттық сараптау институтында тексеріліп, Б3 маркалы қоңыр көмір ретінде тіркелген. Оның құрамында күкірт аз, күл мөлшері төмен, жылу беру қабілеті жоғары.

Көмір негізінен Райымбек пен Кеген аудандарының тұрғындарына, мектептер мен әлеуметтік нысандарға жеткізіледі. Компания жыл сайын әлеуметтік осал отбасыларға тегін көмір таратады. Биыл екі ауданға 300 тонна көмір қайтарымсыз берілген. 2000 жылдан бері бұл игі дәстүр жалғасып келеді. Сонымен қатар компания есебінен 16 студент жоғары оқу орнында тегін білім алған, олардың кейбірі бүгінде кәсіпорында еңбек етіп жүр.

«AMANAT» партиясының мүшесі ретінде халыққа адал қызмет ету – мен үшін басты қағида. Бұл жер менің тағдырымның бір бөлігі, өмірім осы кен орнында өтті», – дейді ол.

Айта кетейік, Ләззат Ботабекова – «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының белсенді мүшесі. Ол өңірде әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, әлеуметтік жобаларға атсалысып келеді. Оның өмір жолы еңбек адамының беделін көтеріп, жастарға үлгі болатын шынайы өнеге.
 

Другие новости

За чистый стадион!

За чистый стадион!

В эти дни населенные пункты и объекты Илийского ра...

  31.01.2026   300
Хранитель лесного царства

Хранитель лесного царства

Лес - это живой организм, который требует постоянн...

  27.01.2026   243
Хранитель лесного царства

Хранитель лесного царства

Лес - это живой организм, который требует постоянн...

  25.01.2026   278
Опора производства

Опора производства

Птицефабрика «Прима Құс» для многих сельчан давно...

  21.01.2026   320
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.