Понедельник, 02 Ноября 2026

5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты

5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаның тазалығына үлес қосу мақсатындағы бұл шарада тұрғындар аумақты қоқыстан тазартып, бірлесе әрекет етудің жарқын үлгісін көрсетті.

Сенбілікке 50-ге жуық адам қатысып, аумақтан 18 қап қоқыс жиналды. Аулада, жол жиегінде және демалыс орындарында қалған тұрмыстық қалдықтар іріктеліп, арнайы жәшіктерге орналастырылды.

Тұрғындардың бірі — зейнеткер Сауле апай бұл бастамаға шын ықыласпен қатысқанын айтты.

«Таза орта — ұрпағымызға қалдырар ең үлкен мұрамыз. Мұндай шаралар бізді біріктіреді, ортақ іске жұмылдырады. Бұған қатысу — әрбіріміздің азаматтық міндетіміз», – деді ол.

Тұрғындар сенбіліктердің қала тазалығын сақтауға септігін тигізетінін жеткізді.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Другие новости

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Іле ауданында ауқымды экологиялық сенбілік өтті31...

  31.10.2026   180
Тысячи участников - одна общая цель

Тысячи участников - одна общая цель

В Алматинской области продолжается реализация респ...

  31.10.2026   191
Экологическая ответственность не заканчивается у контейнера

Экологическая ответственность не заканчивается у контейнера

После любой уборки остаётся вопрос: что происходит...

  30.10.2026   151
Экология не заканчивается за воротами предприятия

Экология не заканчивается за воротами предприятия

Экологическое благополучие региона зависит не толь...

  30.10.2026   147
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.