Воскресенье, 28 Декабря 2025

Аманаттықтар Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Аманаттықтар  Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Алматы облысы Талғар ауданының аумағында орналасқан Іле Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің аумағы тазартылды.

Экоакция партия мүшелері, ауыл әкімдігінің қызметкерлері мен белсенді азаматтардың қатысуымен өтті. Шатқалды тазартуға 50-ге жуық адам атсалысты.

«Бүгін экологиялық акциясы аясында Маралсай шатқалында 2 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды. Осындай игі істер әрбір азаматтың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жерге деген жауапкершілігін тереңдете түседі. Бұл бастаманы тұрақты түрде жалғастырып, Талғар ауданының экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қоса береміз», – деді «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиал  төрағасы Серік Дүмчібаев.

Экологиялық акцияға еріктілер де белсенді қатысып, 2 гектар жерді қоқыстан тазартып шықты. Шатқал бойында жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен жиналып, полигонға жеткізілді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы апта сайын өтеді.

Другие новости

Экология под  контролем

Экология под контролем

Несмотря на то, что в области находятся тысячи про...

  28.12.2025   99
Пример для молодежи

Пример для молодежи

Запущенная по инициативе Главы государства масштаб...

  12.12.2025   216
Юные стражи зеленого мира

Юные стражи зеленого мира

Юные лесничие из средней школы №5 получили живой у...

  12.12.2025   224
Расширяется зеленая зона

Расширяется зеленая зона

В селе Улкен Аксу Уйгурского района прошел масштаб...

  08.12.2025   273
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.