Воскресенье, 27 Сентября 2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 5100 түп ағаш көшеті отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 5100 түп ағаш көшеті отырғызылды

Бүгін Алматы облысының Кеген ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау науқаны аясында ауқымды экологиялық шара өтті. Игі бастамаға ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен парк қызметкерлері қатысып, жалпы саны 1000-ға жуық адам айтулы шараға өз үлесін қосты. Нәтижесінде 5100 түп ағаш отырғызылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көшет егілген 7 гектар аумақ толығымен қоршалған. Жергілікті жердің ауа райына бейім аққайың, қарағай, шырша, терек сияқты көшет түрлері арнайы таңдап алынған. Алдағы уақытта 2000 метрлік тамшылатып суару жүйесі тартылады. 2 жыл бойы мамандар күтіп-баптап, жіті қадағалайды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер және велосипед жолы салынып, жарық шамдары орнатылады.

– «Таза Қазақстан» акциясы негізінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолдауымен маңызды бастаманы қолға алдық. Халық болып, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін біркісідей атсалысты. Біздің басты мақсатымыз – елімізді көркейтіп, табиғатты аялауға баулу. Экологиялық шаралар мұнымен тоқтамайды. Биыл ауданда 15 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз, – деді Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев.

Акцияға қатысқан тұрғын Рақым Есімбаев: «Мұндай шаралар жастардың бойында табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятып, ізгілікке тәрбиелейді. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейді дана халқымыз. Туған аймағымыздың жайқалып, көктеп тұрғаны қандай ғанибет?! Сол үшін ауыл халқы болып ауызбіршілікпен акцияға қатыстық», – деген лебізін білдірді.

Өңірде жүн мен тері өңдеу зауытын салып жатқан «MERGEN HOLDING» ЖШС да бұл бастамаға өз үлесін қосуды жөн көріпті. Компания жеке қаражаты есебінен 2 гектар алқапқа 2000 түп калифорния терегін егуді жоспарлап отыр.

Осылайша, жұмыла атқарылған жұмыстың нәтижесінде Кегеннің кіре-беріс қақпасы жасыл-желекпен көмкеріліп, тұрғындар демалып, туристер тамашалайтын көрікті мекенге айналады.

Другие новости

Экономь воду –  сохраняй будущее!

Экономь воду – сохраняй будущее!

Вода для сельского хозяйства - ресурс, от которого...

  26.09.2026   124
Прививая культуру чистоты

Прививая культуру чистоты

Около двухсот человек вышли на субботник в Талгарс...

  26.09.2026   113
Чистота без лишнего мусора

Чистота без лишнего мусора

Проблема отходов напрямую связана с культурой повс...

  26.09.2026   111
Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура формируется с детства. Поэт...

  26.09.2026   95
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.