Среда, 25 Марта 2026

Құрметті Алматы облысы Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Алматы облысы Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың бесінші мен жиырма тоғызыншы ақпан аралығында Республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс шарасы өтуде, 
іс шараның мақсаты жол көлік оқиғаларын азайту, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың жолын кесу және анықтау.
Іс шара өткізудің сегізінші күнінде, Қонаев қаласы бойынша барлығы 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жолаушыларды және жүктердi тасымалдау және қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау үшін 92 фактісі, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалану үшін – 42, сонымен қатар жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы: алтыншы ақпан күні жедел алдын алу іс-шарасы барысында, патрульдік полиция взводының инспекторлары Қонаев қаласы Алматы көшесі бойында «Тоyota Avensis» маркалы автокөлігін алкогольдік сусын ішкен күйде басқарған жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қонаев қаласының соты жүргізушіні он бес тәуліктік қамауға және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы қаулы шығарды. 
Сонымен қатар осы жүргізуші Қонаев қаласының ПБ күдіктілер мен айыптаушыларды уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргіншілер мен автокөлік иелеріне қозғалыс кезінде өте мұқият болуларыңызды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Другие новости

Молодые - за справедливость

Молодые - за справедливость

В Доме культуры Талгарского района в рамках инициа...

  20.03.2026   207
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері...

  20.03.2026   190

"Stop Corruption” — путь к честному обществу!

В городе Алатау в рамках принципа «Закон и порядок...

  19.03.2026   230
“Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!

“Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!

Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында...

  19.03.2026   240
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.