Суббота, 11 Апреля 2026

Жер учаскелерін сатып алу-сату бойынша сот процесі жүруде

Жер учаскелерін сатып алу-сату бойынша сот процесі жүруде

Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жер учаскелерін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану жайында шағымданған тұрғындарды қабылдады.

Айтуларынша, олар осыдан бірнеше жыл бұрын жер учаскелерін жеке тұлғадан сатып алған. Бірақ, 2024 жылы жер қатынастары бөлімі сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану үшін сотқа талап арыз жазған. Бұған себеп ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің хаты болған. Ол хатта жер учаскелерінің берілу заңдылығын тексеру қажеттілігі жайында жазылған. Нәтижесінде облыстық жер ресурстарын басқару департаменті тексеру тағайындап, қалалық жер қатынастары бөлімі сотқа талап арыз жолдаған. Кейіннен 23 жер учаскесінің иелеріне қатысты талап-арызға өзгеріс енгізілген.
Алдағы уақытта сот шешіміне сәйкес, шаралар қабылданады. Қонаев қаласының әкімі тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Информационные атаки вышли на новый технологический уровень

Информационные атаки вышли на новый технологический уровень

Итоги I квартала 2026 года. Информационные атаки в...

  09.04.2026   186
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты

2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты

2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық ш...

  09.04.2026   183
Доверие - основа порядка

Доверие - основа порядка

Вопросы законности, общественной безопасности и от...

  06.04.2026   266
Закон и порядок - основа безопасности и справедливости в обществе

Закон и порядок - основа безопасности и справедливости в обществе

В соответствии с поручением Главы государства, дан...

  04.04.2026   312
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.