Среда, 07 Октября 2026

«Тәртіп әр азаматтың санасынан басталады»

«Тәртіп әр азаматтың санасынан басталады»

Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз», – деп атап көрсетуінің өзі мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруін өте орынды айтылған талап деуге болады.
Шынында заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі. Ауданымызда соңғы жылдары заң үстемдігі орнығып келе жатқанының айғағы ретінде 2026 жылғы статистика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендегенін айтуға болады. Жалпы алғанда 2025 жылы 54 қылмыс тіркелсе, 2026 жылы осы уақыт аралығында 36 қылмыс тіркелген, қылмыстың ашылу 74,4% пайызды құрайды. Ауыр және аса ауыр қылмыс бойынша 2025 жылы 31 қылмыс тіркелсе, 2026 жылы осы уақыт аралықта 11 қылмыс тіркелген. Яғни ауыр және аса ауыр қылмыстар 2,8 есеге төмендеп отыр. 
Әділетті қоғамда заң теңдік пен тәртіптің кепілі болып табылады. Заңның сақталуы қоғамда жауапкершілікті әрбір азаматтың саналы түрде сезіне білуінен және оны мүлтіксіз орындауынан байқалады. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік барлық әлеуметтік қатынастардың заңмен реттелу көрсеткішімен айқындалады.
Даңқты қолбасшы Б.Момышұлының: «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – дегеніндей, барлық ортада әрбір азамат өзін әдепті, мәдениетті һәм тәртіпті ұстаса мемлекетте тыныштық орнап, істеген істе береке болып, адамдар арасында татулық орнайды. Ол үшін алдымен азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жаңа сапалық деңгейде көтеруіміз керек.
Осы бағытта мемлекет пен қоғам дамуының кепілі болып саналатын заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, ауданымызда әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыруға әр азамат өз үлесін қосуға міндетті.

Д.Нұрманов,
Балқаш ауданы әкімінің орынбасары

Другие новости

«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

В городе Алатау Алматинской области с 5 октября по...

  07.10.2026   84
Здоровая привычка семьи

Здоровая привычка семьи

Дети воспринимают поведение взрослых гораздо внима...

  07.10.2026   76
Как провести время иначе

Как провести время иначе

Во время отпуска важно менять не только отношение...

  07.10.2026   77
Цель сильнее привычки

Цель сильнее привычки

Отказ от алкоголя становится более реальным, когда...

  07.10.2026   73
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.