Воскресенье, 27 Сентября 2026

ҚОНАЕВТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚОНАЕВТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Қонаев қалалық кітапханасының ғимаратында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Маңызды жиынға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.
Шараның басты мақсаты — мемлекеттік қызметшілер мен орталық мамандары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету және қоғамда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.
Кездесуге арнайы шақырылған заң саласының білікті мамандары келіп, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін түсіндірді:
Ділмұрат Сайфуллаұлы Сунатиллаев — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы;
Дархан Нұртілеуұлы Мұхамедияров — аталған басқарманың бас маманы.
Спикерлер өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттарына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері мен қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын кеңінен түсіндіріп өтті.
«Заң үстемдігін қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерді адал әрі жоғары жауапкершілікпен атқару — әрбір қызметкердің басты міндеті болуы тиіс», — деп атап өтті жиын барысында сала мамандары.
Еркін пікір алмасушарасы да ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан ашық диалог орнап, мамандар өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойды. Департамент өкілдері қойылған сұрақтарға заң аясында тұшымды әрі нақты жауаптар берді.
Бұл іс-шара өңірдегі мемлекеттік мекемелер мен орталықтарда құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықтан ада таза орта қалыптастыруға септігін тигізбек.
 

Другие новости

Почему молчание редко помогает безопасности

Почему молчание редко помогает безопасности

Полиция не может одновременно находиться во всех н...

  26.09.2026   137
Что происходит с подростками после школы

Что происходит с подростками после школы

Подростковая безопасность редко сводится к работе...

  26.09.2026   146
Профилактика начинается раньше преступления

Профилактика начинается раньше преступления

В феврале 2026 года в Карасайском районе Алматинск...

  26.09.2026   153
Потери, которые не покрывает страховка

Потери, которые не покрывает страховка

Взаимосвязь между употреблением алкоголя и утерей...

  26.09.2026   139
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.