Среда, 07 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА, ЖАСТАРМЕН «АДАЛДЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ OPEN TALK ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА, ЖАСТАРМЕН «АДАЛДЫҚ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ OPEN TALK ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Адалдық – болашаққа бастар жол» атты жастармен Open Talk форматындағы кездесу өтті.

Еркін пікір алмасу алаңына Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов, Іле ауданы прокуратурасының аға прокуроры Динара Шукеева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев және Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов қатысты.

Кездесудің басты ерекшелігі – дәстүрлі ресми баяндамалардан бас тартып, жастар мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында ашық диалог орнату болды. Қонақтар жастардың сұрақтарына жауап беріп, адалдық, заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, мемлекеттік қызмет, құқықтық мәдениет және жастардың қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті.

Ашық диалог барысында жастар аудан әкіміне басшылықтағы жауапкершілік пен еңбек жолы туралы, прокуратура өкіліне жастар арасындағы құқық бұзушылықтар, интернет алаяқтықтан қорғану және прокуратура саласына қызметке орналасу жөнінде сұрақтар қойды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері, жемқорлықтың алдын алу, жастарды мемлекеттік басқаруға тарту және креативті бастамаларды қолдау мәселелері көтерілді.

Кездесу интерактивті форматта жалғасып, жастар «Ақиқат немесе жалған» ойынына қатысты. Қатысушылар «Мемлекеттік қызметке тек таныс арқылы орналасуға болады», «Жастар қоғамдағы өзгерістерге ықпал ете алмайды», «Жемқорлық үлкен сомадан ғана басталады», «Әрбір азамат заңның сақталуына жауапты» секілді пікірлерге өз көзқарастарын білдіріп, таңдауларын дәлелдеді.

Іс-шара барысында қоғамдық бастамаларға белсенді араласып, еріктілік пен әлеуметтік жобаларға үлес қосып жүрген аудан жастары да назардан тыс қалмады. Белсенді жастар марапатталып, оларға аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов марапаттарын табыстады.

Кездесу соңында қатысушылар заңға құрмет пен адалдық әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі құндылықтары екенін атап өтті.

«Адалдық – болашаққа бастар жол» кездесуі жастардың өз ойын еркін жеткізуіне, мемлекеттік органдар өкілдерімен тікелей пікір алмасуына және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілік туралы ашық әңгіме өрбітуіне мүмкіндік берді.

Другие новости

«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

В городе Алатау Алматинской области с 5 октября по...

  07.10.2026   78
Здоровая привычка семьи

Здоровая привычка семьи

Дети воспринимают поведение взрослых гораздо внима...

  07.10.2026   74
Как провести время иначе

Как провести время иначе

Во время отпуска важно менять не только отношение...

  07.10.2026   75
Цель сильнее привычки

Цель сильнее привычки

Отказ от алкоголя становится более реальным, когда...

  07.10.2026   71
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.