Суббота, 14 Марта 2026

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Талғарда спорттық байқау өтті

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Талғарда спорттық байқау өтті

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Талғар ауданындағы №46 орта мектепте «Біз бақытты отбасымыз» атты спорттық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Байқауға аудан бойынша 7 отбасы қатысып, түрлі спорттық сайыстарда өз өнерлері мен ұйымшылдығын көрсетті. Қатысушылар эстафеталық жарыстар мен көңілді ойындарда өзара қолдаудың, бірліктің және мықты отбасылық ынтымақтың үлгісін танытты. Әр отбасы белсенділігі мен креативтілігі арқылы көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Жарыс қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер отбасыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың отбасы институтын нығайтуға, қоғамда ізгі құндылықтарды және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да «Бақытты отбасы» жобасы аясында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы игі істерін жалғастыра бермек.

Другие новости

В ответе за будущее страны

В ответе за будущее страны

Сегодня Казахстан вступает в новый исторический пе...

  26.02.2026   821
Будущее начинается с дома

Будущее начинается с дома

В селе Бесагаш Талгарского района в средней школе...

  24.02.2026   933
Творить добро  другим во благо

Творить добро другим во благо

В Алматинской области официально стартовал Междуна...

  20.02.2026   1139
Духовное единство и преемственность поколений

Духовное единство и преемственность поколений

Отчетная конференция Совета ветеранов Талгарского...

  19.02.2026   804
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.