Вторник, 31 Марта 2026

Алатау қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Алатау қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

2025 жылғы 19 наурыз күні Алматы облысына қарасты Алатау қаласының Ынтымақ ықшам ауданында Наурыз мейрамы салтанатты түрде тойланды. Көктемнің жарқын мерекесі халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған ерекше шара болды.

Мерекелік іс-шара барысында:
 Көпшілікке арналған концерттік қойылымдар;
 Халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлері;
 Ұлттық салт-дәстүрлердің көріністері;
 Қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды.

Салтанатты жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Масабаев Асет Дүйсебекұлы, Алатау қаласының әкімі Аркен Хамитұлы Өтенов және Алматы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы арнайы қатысып, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Өз сөздерінде олар бұл мейрамның бейбітшілік пен татулықтың, жаңару мен молшылықтың нышаны екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарға құт-береке, амандық тіледі.

Наурыз мейрамы халықтың бірлігін нығайтып, татулық пен достықты дәріптейтін айтулы мереке. Бұл күні жасалған игі істер мен көрсетілген құрмет көпшіліктің көңілінен шығып, мерекелік шара барша қатысушыларға ерекше қуаныш сыйлады.

Алатау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Бас жүлде – Кеген театрының қоржынында

Бас жүлде – Кеген театрының қоржынында

Халықаралық театр күніне орай, Жамбыл Жабаевтың 18...

  28.03.2026   284
Наурыз объединяет

Наурыз объединяет

Наурыз по-настоящему сближает людей, объединяет ра...

  28.03.2026   285
Сохраняя традиции – сохраняем народ

Сохраняя традиции – сохраняем народ

Каждый раз, готовя полосу «Қазақтану», мы стараемс...

  27.03.2026   322
Одежда, пережившая века

Одежда, пережившая века

Познавательный час «Ұлттық киім - адал еңбек пен м...

  27.03.2026   236
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.