Среда, 02 Июля 2025

Ою-өрнектер - қазақ халқының мәдени шежіресі

Ою-өрнектер - қазақ халқының мәдени шежіресі

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Наурызнама мерекелік онкүндігінің мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында мектептің қонағы ретінде қазақ ұлттық қол өнерінің хас шебері Гүлстан Жандосқызы шақырылды.  Халқымызда ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып сақталып келген өнердің көрнекті елшісі  зияткерлерге «Қазақтың оюлары» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, қазақ оюларының тарихын,   терең философиясын айтты, ою-өрнектің тәсілдері мен композиция құрудың жолдарын көрсетті: 

  • Қазақ халқында оюдың түрлері өте көп, және әр оюдың артында халқымыздың  сенім нанымы, ырымдары, тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері, көшпенді халықтың мәдениеті тұр.  Мысалы, кестені кестемен және ою-өрнекпен әшекейлеген кезде, олар өте ұсақ және ірі сурет болмауы, кестенің көлеміне сай келуі тиіс. Сондықтан, шебер бірінші кезекте, ою-өрнек салатын бұйымның кеңістік көлемін анықтап алуы тиіс. 

Танымал қолөнерші зияткерлерге кеңінен тараған  қошқар мүйіз элементінің оюы тәсілін көрсетті, симметрия заңын сақтауға, түстерді таңдауға ерекше мән беру керектігін айтты. Шеберлік сыныптың нәтижесінде оқушылар Зияткерлік мектептің биыл аталып өтетін 10 жылдық мерей  тойына арнап 10 метрлік ою панносын әзірлеуді бастап кетті. 

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Традиция зеленых пельменей

Традиция зеленых пельменей

У каждого этноса нашей страны есть свой особенный...

  30.06.2025   187
Шермиции в городе Қонаев

Шермиции в городе Қонаев

Город Қонаев на один день стал местом, где ожили к...

  30.06.2025   183
Единство –  главное богатство страны

Единство – главное богатство страны

В селе Отеген батыр Илийского района в рамках респ...

  25.06.2025   504
И традиции живы, и кумыс - рекой

И традиции живы, и кумыс - рекой

На живописном жайлау Каркара Кегенского района сос...

  23.06.2025   509
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.