2026 жылғы 14 қазанда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік ауылында Балқаш аудандық Жастар ресурстық орталығының «Jol Tap» жобасы аясында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Ахын Жандаулеттің ұйымдастыруымен ауыл жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларына арналған танымдық экскурсия өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек үдерісімен таныстыру, олардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ету.Экскурсия барысында жастар «Бірлік Агрофирмасы» ЖШС-нің орталық қырманына барып, күзгі егін жи...
Алматы облысының Балқаш ауданында күріш жинау жұмыстары басталды. Биыл су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында күріш алқаптарының көлемі оңтайландырылды.2026 жылы ылғалды көп қажет ететін күріштің егіс көлемі 2,5 мың гектарға қысқарып, 5,2 мың гектарды құрады.Бүгінде шаруалар 150 гектар алқаптағы күрішті шауып үлгерді. Орташа өнімділік гектарына 43 центнерді құрап отыр.Жыл қорытындысы бойынша аудан шаруашылықтарынан 22,3 мың тонна күріш өндіріледі деп күтілуде.Егіс көлемін оңтайландыру және су ресурстарын тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту бағытындағы негізгі шаралардың бір...
2026 жылғы 12 маусым күні Балқаш аудандық Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Шәкәрім Ерланұлы Абдибеков Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы орталық мешітте жұма намазына жиналған тұрғындармен кездесу өткізіп, интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында азаматтарға интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері түсіндіріліп, жеке деректер мен банк шоттарының мәліметтерін бөгде тұлғаларға бермеу қажеттігі жөнінде ескертілді.Балқаш аудандық Полиц...
Он бір жыл бойы алтын ұя мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындап, тарыдай болып табалдырығын аттаған сәттен, бүгін, міне таудай болып Балқаш ауданы түлектері үлкен өмірге қанат қақты.Осыған орай Балқаш өңірінде оқу жылының аяқталуын білдіретін дәстүрлі соңғы қоңырау салтанатты жиындары өтті. Осыған орай Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнара Мукумоваға жолығып,сұхбат құрған едік. Аудандағы бас педагог өз сөзін былайша сабақтады:-“Ұстаздардың шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі әрдайым құрметке лайық. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымына шынайы алғыс...