Тедрос Аданом Гебрейесус 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту жөніндегі шешімді атап өтті.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау мен халықтың әл-ауқатына бағытталған жұмысына жоғары баға берді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.ДДСҰ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру жөніндегі бастамасын атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке инвестиция салу, жалпы практика д...