Среда, 15 Июля 2026

Ауыл аманаты: Алматы облысының тұрғыны 8 ауылды металл шифермен қамтамасыз етіп отыр

Ауыл аманаты: Алматы облысының тұрғыны 8 ауылды металл шифермен қамтамасыз етіп отыр

Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 380-нен аса шағын несие берілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев мәлімдеді.

«Бас-аяғы 1337 өтінім келіп түсті. Оның жалпы сомасы 9,4 млрд теңгені құрайды. Бүгінде 381 адам 2,7 млрд теңге сомасына шағын несие алды. Ең көп өтінім Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Балқаш аудандарының тұрғындарынан келіп түсті», – деді Қуат Байғоджаев.

Олардың басым бөлігі мал шараушылығымен айналысып отыр. Жалпақ жұрттың жағдайын көтеруге бағытталған жобаға қатысуға тілек білдіргендер аз болған жоқ. Сонын бірі Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Билал Ахметов.

«Металл прокатын ұйымдастыру бойынша бизнес-жоспарды қорғап, 2,5 пайызбен шағын несие алдым. Керек жабдықтарды сатып алып, өз үйімнің ауласында шифер шағыратын цех салдым. Өндіріс технологиясы өте қарапайым, желіге металл парақты салады да, ол механизм арқылы өтеді. Шығу кезінде дайын металл шифер алынады. Қазір мен жақын маңдағы 8 ауылды металл шифермен қамтамасыз етемін», – дейді Билал Ахметов.

Оның айтуынша, өнімді үйлердің шатырын немесе сол сарайларды, мал қораларын қаптау үшін қолданылады. 

«Бұрын адамдар қытай тауарларын сатып алатын. Енді ауданда менің отандық тауарларым пайда болды. Сапасы жағынан басқа шиферлардан кем түспейді, бірақ бағасы екі есе арзан. Импортталған тауардың метрі 4 мың теңге, ал менікі – 2 мың теңге. Жалпы, оларды жақсы сатып алып жатыр. Енді бұл менің негізгі жұмысым», – дейді ол.

Айта кетейік, азаматтардан түскен өтінімдердегі жалпы қаражат сомасының облысқа берілген қаражаттан асып кетуіне байланысты күні бүгін «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау тоқтатылды.

Другие новости

72% граждан страны готовы прийти на выборы – опрос Института Евразийской интеграции

72% граждан страны готовы прийти на выборы – опрос Института Евразийской интеграции

Выборы являются важным маркером степени гражданско...

  15.07.2026   41
Продукция на 515 млрд тенге: товары Алматинской области экспортируются в 61 страну мира

Продукция на 515 млрд тенге: товары Алматинской области экспортируются в 61 страну мира

Продукция, произведенная в Алматинской области, по...

  15.07.2026   126
Суд не может закрывать глаза

Суд не может закрывать глаза

Новая Конституция устанавливает важное правило о т...

  14.07.2026   186
Конституционный Суд ближе к гражданину

Конституционный Суд ближе к гражданину

В новой Конституции особое место занимает Конститу...

  14.07.2026   197
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.