Воскресенье, 21 Декабря 2025

«РАЙЫМБЕК АГРО» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«РАЙЫМБЕК АГРО» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Республикалық халықтық штаб мүшесі, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Ақ Жол партиясының депутаты  Горяной Сергей Владимирович аудандық халықтық штаб мүшелері Алмасбек Сатибаев, Нұрлан Түймелиев кездесті.

Еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.

Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.

Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатының арқасында барлық негізгі жаһандық ойыншылармен тиімді қарым-қатынас құруда. Атом электр станциясын салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл таза энергияға ғана емес, елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыруға жасалған қадам.- деп атап өтті штаб мүшесі Сергей Горяной.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. 
Кездесуде «Райымбек агро» ЖШС ұжымы референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.

Другие новости

Пропагандируя семейные ценности

Пропагандируя семейные ценности

 В городе Қонаев прошла республиканская научн...

  19.12.2025   165
Квартиры к Новому году

Квартиры к Новому году

Несколько жителей города Қонаев встретят Новый год...

  19.12.2025   157
Деловой ритм области

Деловой ритм области

Экономика региона активно развивается, создавая но...

  19.12.2025   163
Фундамент для промышленного рывка

Фундамент для промышленного рывка

Город Алатау, созданный как новая административная...

  19.12.2025   148
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.