Понедельник, 20 Апреля 2026

Конституция жобасы: қоғамдық талқылау

Конституция жобасы: қоғамдық талқылау

Бүгінде жаңа Конституция жобасы тек арнайы комиссия аясында ғана емес, бүкіл қоғамда кеңінен әрі қызу талқыланып жатыр. Бұл – аса маңызды әрі құптарлық үрдіс. Өйткені ол Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының нақты іс жүзінде жүзеге аса бастағанын айқын көрсетеді. Қоғамдық талқылаулар барысында әр азаматтың пікір білдіруіне, өз ұсынысын айтуына мүмкіндік беріліп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекет тағдырына деген жауапкершілігін арттырып, азаматтық белсенділікті күшейтті.

Жаңа Конституция жобасына енгізілген түбегейлі өзгерістердің жұртшылық тарапынан ерекше қызығушылық тудыруы да заңды құбылыс. Себебі бұл өзгерістер елдің болашақ даму бағытын айқындайтын, саяси жүйе мен қоғамдық қатынастардың жаңа мазмұнын қалыптастыратын маңызды нормаларды қамтиды. Әрбір баптың, әрбір түзетудің мән-мағынасына терең үңілуі – қоғамның құқықтық санасының өскенін көрсетеді.

Соның ішінде Ата заңның преамбуласына Қазақ елінің Ұлы Дала төсіндегі сан ғасырлық мемлекеттілігінің сабақтастығының нақты әрі айқын түрде бекітілуі – айрықша маңызға ие. Бұл норма Қазақстанның мемлекеттілігі кездейсоқ пайда болмағанын, оның терең тарихи тамыры бар екенін заңдық тұрғыда мойындататын тұғырлы ұстаным болып табылады. Ұлы Даладан бастау алған мемлекеттілік дәстүрі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанмен табиғи түрде жалғасып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп отыр.

Аталған идея Конституцияның бүкіл өн бойынан көрініс табады. Ол ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи жадымызды жаңғыртуға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға қызмет етеді. Сонымен қатар, бұл қағидат мемлекет дамуының қазіргі бағыты мен болашақтағы стратегиялық шешімдеріне рухани және идеологиялық негіз бола алады.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат қана емес, елдің өткенін құрметтеп, бүгінін бағалап, болашағына сеніммен қарайтын тұтас ұлттық идеяны айқындайтын маңызды тарихи акт ретінде бағалануға әбден лайық.

Талғар аудандық мәслихат депутаты Айтқалиев Жаслан Айтқалиұлы

Другие новости

О ДК, ледовом катке и детских площадках

О ДК, ледовом катке и детских площадках

Отчетная встреча акима Карасайского района Жасулан...

  19.04.2026   158
Рост агропроизводства

Рост агропроизводства

В Жамбылском районе планируют построить молочно-то...

  18.04.2026   220
Диалог, основанный на доверии

Диалог, основанный на доверии

Встречи акима Карасайского района Жасулана Естенов...

  18.04.2026   247
Шонжы – территория комфорта

Шонжы – территория комфорта

Шонжинский сельский округ достиг уверенного роста...

  17.04.2026   314
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.